Меню
Страницы
Агенттік туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Аумақтық департаменттер
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Мемлекеттік қызмет
23 февраля 2024
МҚІА төрағасының орынбасары Азамат Жолманов «Jibek joly» телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасына қатысты

Ол мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру және IT-шешімдерді қолданудың тиімділігі туралы сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ Агенттікпен жеке сектордан мамандарды тарту және жастар үшін мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдету жөніндегі атқарылып жатқан шаралар туралы айтты.

https://www.youtube.com/watch?v=WEp9uU1Xgv4

22 февраля 2024
МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай «24 KZ» телеарнасының «Бетпе бет» бағдарламасына сұхбат берді

Сұхбат барысында Президенттік жастар кадрлық резервінің форумында Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметке талантты жастарды және салалық мамандарды тарту, адами ресурстарды басқару тәсілдері, Өңірлік кадр резервіне іріктеудің басталуы, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі және IT шешімдерді қолданудың тиімділігі туралы айтты. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметшілерді тұлғалық дамыту мәселелері, мемлекеттік қызметтің имиджі және Агенттіктің алдағы заңнамалық бастамалары жайлы да баяндады.

21 февраля 2024
ҚР МҚІА төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов «Qazaqstan» телеарнасында «Ашық алаң» ток-шоуына қатысты

ҚР МҚІА төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов «Qazaqstan» телеарнасында «Ашық алаң» ток-шоуына қатысты. Ток-шоуға қатысушылар Президенттік жастар кадр резервінің форумында Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыру мәселелерін талқылады.

Салауат Мүксімов президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің тиімділігі жайлы, квазимемлекеттік және жеке секторлардан мамандарды тарту, сондай-ақ жастар үшін мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдету шаралары туралы баяндады.

21 февраля 2024
ҚР МҚІА төрағасының орынбасары Азамат Жолманов «24 kz» телеарнасының «Prime time» телебағдарламасына қатысты

ҚР МҚІА төрағасының орынбасары Азамат Жолманов «24 kz» телеарнасының «Prime time» телебағдарламасына қатысты.

Ол мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру және it-шешімдерді қолданудың тиімділігі, мемлекеттік қызметке талантты жастарды тарту және Агенттіктің заңнамалық бастамалары туралы сұрақтарға жауап берді.

20 февраля 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты

Жиын алдында Мемлекет басшысына Президенттік жастар кадр резервінің қатарына әр жылдары өткен мамандардың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, Президентке «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің артықшылықтары, Citix компаниясы өнімдерінің экспорттық әлеуеті, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өңдеуші өнеркәсіп пен энергетика секторына инвестор тарту тәжірибесі, сондай-ақ бюджеттік процестерді оңтайландыруға арналған «eAkimat365» ақпараттық жүйесі туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларының алдында сөйлеген сөзінде жастардың осынау инновациялық ізденістерін оң бағалап, тиісті мемлекеттік органдар тарапынан мұндай бастамаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мемлекет басқару ісіне ойы ұшқыр, білімі озық, сана-сезімі терең, нағыз отаншыл азаматтар көптеп келуі керек.

– Президенттік жастар кадр резерві дәл осындай талапты жастарға бірегей мүмкіндік береді. Бүгінде резервте 400 маман бар. Соның 280-і, яғни 70 пайызы орталық және жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарға тағайындалды. Бірқатары квазимемлекеттік секторда және бизнес саласында еңбек етіп жүр. Осы орайда мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Жайылғанова кезінде осы бастаманы жүзеге асыруға мол үлес қосқанын атап өткім келеді. Қазіргі таңда елімізде ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекетімізді өркендету үшін жаңа, батыл қадамдар жасалуда. Сондықтан өздеріңіз сияқты еліміздің жалынды жастары осы өзгерістердің қозғаушы күшіне, мықты тірегіне айналуы керек деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жуырда аймақтық жастар кадр резервіне іріктеу басталатынын мәлімдеді. Әкімдер оның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен қатар кадрлық резервті жасақтау барысында әр облыстың әлеуметтік-экономикалық ерекшелігін ескеру маңызды.

Президент мемлекеттік қызметшілерге тән жаңа мәдениет қалыптастыру, құндылықтарды өзгерту мәселесіне айрықша тоқталды. Оның айтуынша, барлық салада, әсіресе мемлекеттік органдарда заң мен тәртіп үстемдігі болуға тиіс.

– Заң мен тәртіп орнамаса, қазіргідей күрделі геосаяси жағдайда елімізді сақтап қалу қиын болады. Мұны бәрі түсінгені жөн. Тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, жалпы қоғам заңға бағынуға тиіс. Бұл демократия шектеледі деген сөз емес, керісінше, еліміздің егемендігін нығайтып, демократияны дамыта түседі, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, билік өкілдері әрдайым халықпен бірге, яғни азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Кез келген мәселені уақытылы шешіп отыру – негізгі міндет. «Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» дәл осындай құндылықтар орнығуы керек.

Сонымен қатар Президент мемлекеттік қызметте білікті салалық мамандардың тапшылығы сезілетінін айтты.

– Бұл ретте еліміздегі бизнес, ауыл шаруашылығы, қаржы, медицина, білім және басқа да секторларда табысты еңбек етіп жүрген адамдар жеткілікті. Нақты нәтижеге ұмтылып, тұтынушының қажеттілігін өтеу үшін жұмыс істейтін осындай мамандардың әлеуетін жұмылдыру керек. Мемлекеттік қызметтің гибридті моделін енгізуді жалғастырған жөн. Ол үшін жеке сектордан білікті мамандарды мемлекеттік қызметке қабылдау ережесін анағұрлым еркін, жеңіл етіп жасау мәселесін мұқият пысықтау қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру үшін жеке сектормен бәсекелес еңбекақы белгілеу қажет екенін атап өтті.

– Әрине жалақы мен сыйақыны шектен тыс көп беруге болмайды. Бірақ таңертеңнен кешке дейін, уақытпен санаспай жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерге белгілі бір деңгейде материалдық өтемақы төленуі керек деп санаймын. Мәселе – өте өзекті. Біз мұны мемлекеттік қызметшілердің пайдасына шешеміз. Олардың баспана мәселесін де тиісті деңгейде шешу керек. Бұл бойынша Сингапур және басқа да елдердің тәжірибесіне назар аударған жөн. Олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ғалымдарды, сарапшылар мен белсенді азаматтарды, әсіресе, еріктілерді қызметке тартудың мәні зор деп санайды. Бұл ретте Президент еліміздің әділетті мемлекет әрі инклюзивті қоғам құрып жатқанына, гендерлік теңдікті сақтау мәселесіне назар аударды.

– Мемлекеттік аппараттағы әйелдердің үлесі 55 пайызға жуықтағанына қарамастан, басшылық құрамда бұл көрсеткіш 39 пайыздан аспайды. Өз тәжірибемнен білетінім, әйелдерді қызметке тарту керек. Біріншіден, ер адамдар ренжімесін, әйелдер жұмысқа өте мұқият, тиянақты қарайды. Ер адамдармен салыстырғанда, жемқорлық әрекеттерге бейім емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің статистикасы соған меңзейді. Саяси қызметкерлер арасында да елеулі теңсіздік байқалады. Олардың қатарындағы әйелдердің саны 10 пайызға жетпейді. Мемлекеттік қызметтегі жастардың үлесіне қатысты да диспропорция бар. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің, жастардың және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың санын көбейту керек. Олардың, әсіресе, басшылық құрамда қызмет етуіне барынша мүмкіндік берген жөн, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жас мамандарды мемлекеттік қызметке бейімдеу үшін Тәлімгерлік институтын жандандыру мәселесіне баса назар аударды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметте «командамен көшу» үрдісі әлі тыйылмай отырғанын сынға алды. Осыған орай Президент Әкімшілігіне, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке бұл мәселені қатаң бақылауға алуды, мұндай әрекеттерге батыл тосқауыл қоюды тапсырды.

– Жалпы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке заң жүзінде қосымша құзырет  беру қажет деп санаймын. Олар еліміздегі кадр саясатына конструктивті тұрғыдан ықпал ете алуға тиіс. Әрине, бұл Агенттік басшылығына айрықша жауапкершілік жүктейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекеттік қызметті неғұрлым озық салаға айналдыру қажет екенін айтты.

– Жылдар бойы жауыр болған бюрократияға, қағазбастылыққа үзілді-кесілді тосқауыл қоятын уақыт жетті. Мемлекеттік қызмет жүйесінде барлық үдеріс ашық болуға тиіс. «Мемлекет адам үшін» қызмет етуі керек. Елімізде азаматтардың мүддесін толық қорғайтын мемлекеттік қызмет моделін, үлгісін қалыптастыру қажет. Сондықтан уақыт талабына сай келетін және қоғам сұранысына жауап беретін жаңа жұмыс тәсілдерін енгізген жөн. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын шынайы бағалайтын нақты өлшемдер болуға тиіс. Бұл – бағалау жүйесін ұдайы жаңартып отыру қажет деген сөз. Мемлекеттік қызметшінің іс жүзінде атқарған жұмысы міндетті түрде ескерілуі керек. Ең бастысы, әрбір қызметші еліміздің алдында тұрған стратегиялық міндеттерге сәйкес барынша тиімді жұмыс істеуге дайын болуы қажет, – деді Президент.

Бұл ретте IT-шешімдер арқылы мемлекеттік қызмет жүйесін оңтайландыру маңызды.

– Жасанды интеллект технологиясын және ауқымды мәліметтер қорын, яғни Big Data-ны тиімді қолдану керек. Заманауи технологиялар арқылы халықпен етене байланыс орнатудың жолдарын жақсартқан жөн. Себебі барлық маңызды шешімдер азаматтардың пікірі негізінде қабылдануға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қайда жүрсе де, үнемі еліміздің жас ұрпағы жөнінде айтатынын еске салды.

– Мен сіздерге зор сенім артамын. Экономикада, мемлекеттік қызметте немесе басқа секторда жұмыс істеп жүрген жастарымызға қолдау білдіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Сіздер өмірдің базарына енді келген, ал біз қайтып бара жатқан адамдармыз. Бұл – қалыпты дүние. Уақыты келгенде, сіздерге жол береміз. Біз зейнетке шығамыз, орнымызға сіздердей жалынды жастар келеді. Бірақ сіздер туған елге, Отанға қызмет етуге дайын болуларыңыз қажет. Өйткені күрделі заманға тап келіп тұрмыз. Көптеген қиындықтарды бастан өткеріп жатырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадр резервіне өткен мамандарға зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтіп, олардың негізгі мақсаты мемлекет мүддесі болуға тиіс екенін жеткізді.

– Көп ұзамай мемлекеттің игілігі үшін ең жауапты шешім қабылдайтын кезеңге тап келесіздер. Үкіметте болсын немесе квазимемлекеттік секторда болсын, ел басқару ісіне араласасыздар. Әлбетте, жеке секторда да еңбек етесіздер. Сондықтан мен сіздерге зор үмітпен қараймын. Ең алдымен, осы зор жауапкершілікті дұрыс түсінген абзал. Қай салада болмасын, негізгі мақсат мемлекет мүддесі болуға тиіс. Баршаңызға мәлім, мен жақында Үкіметте кеңейтілген жиын өткіздім. Қазақстанның жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруға арналған нақты шараларға тоқталдым. Қазір біздің алдымызда өте ауқымды міндеттер тұр, – деді Президент.

Сонымен қатар форумда «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» институционалдық серіктестер департаментінің директоры Жанар Нұржанова, «Wand synthesis Al» машиналық оқыту жүйесін әзірлеуші Әлібек Сайланбаев, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Инновацияларды дамыту департаментінің директоры Дархан Мырзабаев сөз сөйледі.

Дереккөз:akorda.kz

14 февраля 2024
Біріккен Араб Әмірліктерімен үкіметаралық келісім аясында еліміздің мемлекеттік қызметшілері көшбасшылық бағдарламалар бойынша оқытылатын болды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Дубай қаласында өткен Дүниежүзілік үкіметтер саммитіне қатысты.

Саммит аясында мемлекеттік сектордағы персоналдың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, HR процестерін одан әрі цифрландыру мәселелері талқыланды.

Дархан Жазықбай шетелдік әріптестеріне Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуға бағытталған – «адамға бағдарланған» сервистік сипаттағы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру шаралары жайлы айтты.

Ол мемлекеттік қызметте адам ресурстарын жетілдіру, HR құралдарды енгізу, «e-Qyzmet» жүйесі негізінде іріктеу процестері мен персоналды басқаруды цифрландыру бойынша Агенттікпен жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бастамаларға да тоқталды.

МҚІА төрағасы Біріккен Араб Әмірліктерінің лауазымды тұлғаларымен екіжақты кездесулер өткізді. Соның нәтижесінде мемлекеттік басқаруды трансформациялау саласындағы тәжірибе алмасу бойынша сегіз үкіметаралық бағыттың бірі «Әлеуетті арттыру және көшбасшылық» аясында алғашқы «Басқарушылардың көшбасшылық бағдарламасы» іске қосылды.

Бағдарлама бойынша оқыту биылғы жылдың наурыз айынан басталады және 30 мемлекеттік қызметші қамтылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар аталған бағыт аясында мемлекеттік қызметшілер үшін «Executive Leaders Program», «Future Leaders Program», «Youth Leaders Program» атты үш бағдарлама бойынша тегін онлайн оқыту жүргізіледі. Сондай-ақ бағдарламаларда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және БАӘ-де бір апталық оқу өткізу қарастырылған.

Кездесу соңында тараптар мемлекеттік қызметшілерге арналған бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

09 февраля 2024
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес қоғамдық мониторинг нәтижелерін қарастырды

2024 жылғы 9 ақпанда Агенттік жанындағы Қоғамдық кеңестің биылғы жылғы алғашқы отырысы өтіп, онда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық мониторингтеудің 2023 жылғы нәтижелері қарастырылды.

2023 жылы ең қажетті деп танылған 423 мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша қоғамдық мониторинг жүргізіліп, оған барлық облыстардан және республикалық деңгейдегі  үш қаладан 62823 респонденттер қатысқанын атап өтті.       

Зерттеу нәтижелері респонденттердің мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына, қолжетімділігі мен процедураларына қанағаттану деңгейінің негізгі өлшемдерінің динамикасымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы проблемалық мәселелерді, мемлекеттік органдардағы бюрократизм мен сөзбұйдашылыққа салуды көрсетіп берді.

Зерттеу нәтижелері тұрғындардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі  республика бойынша 81,3% көрсеткішті құрағанын көрсетті. Осы орайда, мұның 9 жылдың ішіндегі жоғары көрсеткіш екенін айта кету керек (2022 ж. – 81,2%, 2021 ж. – 75,4%).

Мониторинг барысында қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік органдардың арыз-шағымдарға кері байланысының баяулығына, ашық деректерден мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қажетті ақпараттарды іздеудің қиындығына қатысты көңіл толмаушылықтар айтылды.

Зерттеуге қатысқан азаматтар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетудің жекелеген үдерістерін автоматтандыру, ақпараттық жүйені «электрондық үкімет» порталымен интеграциялау бойынша ұсыныстар да айтылды.

Қоғамдық кеңес мүшелері отырыстағы талқылаулар нәтижесі бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға қоғамдық мониторингтеу нәтижелерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша қажетті шаралар кешенін қабылдауды ұсынды.

08 февраля 2024
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі ҚР Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асат Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды.

Ол «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша University of New York in Prague, European Business School in London түлегі және MSc Global Banking and Finance «Халықаралық банк ісі және қаржы» магистрі.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

05 февраля 2024
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі басшылық лауазымға тағайындалды

Сәкен Түкібаев Жетісу облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Ол 2019 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Қызметке тағайындалғанға дейін Жетісу облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.

05 февраля 2024
Өңірлік кадр резервіне іріктеу туралы сұхбат

«24KZ» телеарнасы «Прайм Тайм» бағдарламасының тікелей эфиріндегі сұхбат барысында МҚІА төрағасының орынбасары Азамат Жолманов Өңірлік кадр резервіне іріктеудің мақсаты, талаптары мен кезеңдері туралы айтты.

Социальные сети
Instagram
Telegram
Facebook
Youtube
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты