Меню
Страницы
Агенттік туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Аумақтық департаменттер
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 июня 2023
Қазақстанда үздік ауыл әкімі анықталды

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімі Кулжахан Елемесова «Үздік ауыл әкімі» атанды.

Биыл 4-ші жыл қатарынан Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметте үлгілі нәтижелерге қол жеткізген үздік ауыл әкімдерін анықтау және жергілікті өзін-өзі басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін кеңінен тарату мақсатында
«Үздік ауыл әкімі» конкурсын өткізіп отыр. Осы жылғы конкурсқа еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам ауыл әкімдері қатысты.

Конкурс талабы бойынша қатысушылар жобалық жұмыстары мен қызметінің нәтижелері бойынша ақпаратты комиссия қарауына ұсынды. Биылғы конкурстың комиссия құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік басқару саласындағы сарапшылар, ғалымдар, БАҚ және азаматтық қоғам өкілдері кірді.

Комиссия шешімен әкім лауазымында 2018 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Қ.Елемесова үздік деп танылды. Өткен жылы ол өз қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, оның басшылығымен Қарасай ауылдық округіне 118 гектар жерге алма бағын интенсивті суару жүйесімен өсіру бойынша инвестиция тартылып, спорт-сауықтыру орталығын салу, мектеп пен жолдарды жөндеу сияқты бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар іске асты.

Үміткерледі бағалау кезінде конкурстық комиссия ауыл әкімдерінің мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын сақтауы, жергілікті қоғамдастықтың әкімдердің қызметін бағалауы, халықпен кері байланысты орнату сияқты мәселелерді ескерді.

Қатысушылар көкөніс өсіру, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы үшін жерді ұтымды пайдалану, шағын және орта бизнесті қолдау, ауылдың экологиялық және инфрақұрылымдық проблемаларын шешу, туристік әлеуетті арттыру бойынша жобаларын ұсынды.

Бұған қоса, комиссия қатысушылар арасынан бірінші, екінші, үшінші орындарға лайық деп танылған ауыл әкімдерін анықтады.

Осылайша, I орынды Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық округінің әкімі Аслан Рахымбергенов иеленді.

II орын – Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бірлік ауылдық округінің әкімі Гүлжазира Абенова.

III орынға Абай облысы Абай ауданы Қарауыл ауылдық округінің әкімі Өмірбек Бекбаев ие болды.

Комиссия жүлделі орындар бойынша үздік әкімдерді анықтаумен қатар, арнайы номинациялар үздіктерін де анықтады. «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы аясында Жетісу облысы Панфилов ауданы Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі Ермек Нұрахметов жеңімпаз атанды. «Ашық әкім» номинациясы бойынша Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ортақшы ауылдық округінің әкімі Жақсылық Ноғайбаев жеңімпаз деп танылды. Ақмола облысы Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округінің әкімі Құралай Құдайбергенова «Үздік шаруашыл әкім» атанды.

Конкурс жеңімпаздары Агенттікте «Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай өткізілген шарада марапатталды.

23 июня 2023
Қазақстанда жылдың үздік мемлекеттік қызметшілері анықталды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсының қорытындысын жариялады. Конкурстың мақсаты – мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және еліміздің үздік мемлекеттік қызметшілерін анықтау.

Биыл конкурсқа қатысу үшін еліміздің барлық өңірінен 609 мемлекеттік қызметші өтінім берді. Конкурсқа кемінде үш жыл мінсіз мемлекеттік қызмет өтілі бар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қатыса алады.

Конкурс жеңімпаздары өңірлік және республикалық комиссиялардың шешімімен анықталады. Комиссия құрамы қоғамдық бірлестіктердің, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінен, тәуелсіз сарапшылардан және мемлекеттік органдар қызметшілерінен құрылды.

Бірінші кезеңде эссе жазу арқылы кейстік тапсырманың тиімді шешімін ұсынған қатысушы екінші кезеңге – өңірлік комиссия мүшелерімен құрылымдық сұхбатқа шақырылды.

Сұхбаттасудан сәтті өткен үміткерлер республикалық кезеңге жіберілді. Республикалық кезеңде іріктелген қатысушылар комиссия алдында мемлекеттік қызметтегі өзекті мәселелерді шешу және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарын презентация жасады.

Финалистер процестерді бюрократиядан арылту, арнайы тұрғын үй бағдарламарын іске қосу, мемлекеттік қызметшілер арасында дебат институтын енгізу, өңірлерде цифрлық бастамаларды дамыту, туристік аймақтарды құру және т.б. бірқатар ұсыныстарын берді.

Республикалық комиссияның шешімімен 30 үздік ұсыныс іріктеліп, Агенттіктің «Qyzmet news» телеграм арнасына ашық онлайн дауыс беру үшін орналастырылды.

Онлайн дауыс беру нәтижесі мен конкурс кезеңдерінде жинаған ұпайларына сәйкес республикалық конкурстық комиссия отырысының шешімімен 10 жеңімпаз анықталды. Жеңімпаздардың ең жасы 26да болса, ең үлкені – 39 жаста.

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауының жеңімпаздары болып келесі қатысушылар танылды:

  1. Шолпан Қалидоллақызы Нұрғалиева – Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы;
  2. Мурагер Амангелдіұлы Сауранбаев – Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары;
  3. Асхат Амангелдіұлы Кенжебаев – Павлодар облысы Ақсу қаласы бойынша Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы департаментінің Статистика басқармасының басшысы;
  4. Жарылқасын Талғатұлы Сақтаған – Алматы облысы Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
  5. Нұргүл Нұрбайқызы - Қызылорда облысы Сот әкімшілігі департаменті Байқоңыр қалалық сотының бас маманы;
  6. Ертай Мүбарақұлы Қуанбай – Абай облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары;
  7. Ерлан Асқарұлы Исабай – Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық кеден зертханасының Менеджмент және талдау жұмысы жүйесі бөлімінің басшысы;
  8. Тамерлан Еркінұлы Әбілқасымов – Қарағанды қаласы әкімі аппараты жанындағы терроризм жөніндегі комиссияның үйлестіру мәселелері жөніндегі бас инспекторы;
  9. Сәкен Ғалымұлы Түкібаев – Жетісу облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары;
  10. Дінмұхамед Мұхамедгапурұлы Лесбеков – мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша экология департаментінің Алматы қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекторы.

Жеңімпаздар Агенттікте Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған шарада «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісімен марапатталды.

22 июня 2023
Астанада мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлі талқыланды

Бүгін Астанада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлін талқылау бойынша диалогтық алаң өтті.

Шараға ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Орынбасары, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының Төрағасы Аида Балаева,  Конституциялық Сот өкілдері, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы әйел басшылар, аудан және ауыл әкімдері, Әдеп жөніндегі уәкілдер мен қоғам ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудағы әйелдің рөлін, мемлекеттік қызметте ілгерілету кезіндегі тең жағдай мен мемлекеттік қызметші әйелдерге арналған әлеуметтік кепілдіктер мәселелерін талқылады.

Кездесуге қатысушыларға арналған сөзінде Аида Балаева: «Сіздер, білікті және тәжірибелі кәсіби маман ретінде өзгелерге үлгі бола отырып, оларды ілгерілетуге өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек. Өкінішке орай, бүгінде адал, әділ мемлекетшілдік бейнеге деген сенім азайған және бұл негізсіз емес. Сіздер мен бізге әрбір мемлекеттік қызметшінің және тұтастай алғанда мемлекеттік қызметтің имиджіне теріс әсер ететін барлық жағымсыз жағдайларды болдырмау бағытында  жұмыс жасауымыз керек. Бұл Президенттің бастамасымен басталған саяси реформаларды жүзеге асыруға бар күш жігерді салып, оларға деген сенімге нұқсан келтіретін кез келген фактілерге мүлдем төзбеушілікті қажет етеді».

МҚІА төрағасы Дархан Жазықбаев мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырудағы әйелдердің маңызды рөліне тоқталып, тең құқықтар мен мүмкіндіктер негізінде әйел адамдардың әлеуетін кеңінен пайдалану – тұрақты дамудың кепілі екендігін атап өтті.

Спикерлер мемлекеттік қызметте тең құқықтар мен мүмкіндіктерді іске асыру бойынша шараларға тоқталды. Бүгін меритократия қағидатына сәйкес елімізде кез-келген мемлекеттік қызметші гендерлік ерекшелегіне қарамастан, өзінің тәжірибесіне, қабілеті мен кәсіптік дайындығына сәйкес мансаптық ілгерулеуге қол жеткізе алады.

Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде «адами фактордың» әсерін толығымен жоютын іріктеудің толық цифрлық негізіне кезең кезеңімен көшу басталды. Жаңа іріктеу жүйесі тең бәсекелестік пен ашықтық қағидаттарында жынысына қарамастан кәсіби мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

Биыл мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытына мониторинг жүргізу үшін нормативтік құқықтық база толығымен реттелді. Бала тәрбиелеп отырған аналар үшін өзекті болып табылатын қашықтықтан және икемді жұмыс уақыты режимінде жұмысты енгізу қағидалары бекітілді.

Көптеген жылдар бойы ротация мәселесі мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардағы әйелдер арасындағы өзекті мәселелердің бірі болды. Енді енгізілген өзгерістерге сәйкес, егер басқа елді мекенге ауысуға жататын қызметкер жүкті әйелдер, көп балалы немесе жалғызбасты ана, сондай-ақ мүгедек баланы тәрбиелеп отырған әйел санатына жатса, ротацияны іске асыру тек әйелдің келісімімен ғана мүмкін болады.

Шараға қатысушылар диалог барысында айтылған идеялар мен ұсыныстар шешімдер қабылдау және мемлекеттік саясатты қалыптастыру барысында ескерілетінін айтты.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметте 83 мыңнан астам адам жұмыс атқаруда. Оның 46 мыңнан  астамы әйелдер, яғни мемлекеттік аппараттың 55%-ын әйелдер құрап отыр. Басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі              40 %-ға жуық.

 

ҚР МҚІА Баспасөз қызметі

20 июня 2023
Мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қызметін дамыту мәселелері талқыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қызметін дамыту мәселелері талқыланды.

Талқылауға Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері мен Ұлттық еріктілер желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк қатысты.

Талқылау барысында МҚІА аумақтық депаратменттері жанынан еріктілер болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің қызметін үйлестіретін Еріктілер кеңестері құрылғаны айтылды. Қатысушылардың пікірінше, еріктілер бастамалары мемлекеттік қызметшілер арасында танымалдылыққа ие болып, олар жұмыстан бос уақытында білім беруден қоршаған ортаны қорғауға дейінгі өмірдің түрлі салаларындағы еріктілер қызметі бойынша бастамаларға белсенді түрде қатысуда.

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы еріктілер қозғалысына үлкен серпін беру мақсатында Еріктілер кеңесінің жұмысын өзектендіру туралы шешім қабылданды. Енді жергілікті жерлерде кеңестер еріктілер – мемлекеттік қызметшілердің жұмысын үйлестірумен қатар, еріктілер – мемлекеттік қызметшілерге қолдау көрсететін алқалы орган болады.

Сондай-ақ қатысушылар еріктілік мемлекеттік қызмет имиджінің маңызды бөлігі екенін және ол мемлекеттік қызметшілердің жеке дамуына, жаңа білім мен дағдыларды игеруіне қажетті жағдайлар жасайтындығын айтты. Осыған байланысты, алаңда еріктілер болып табылатын мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу тетіктерін пысықтау мәселелері талқыланды.

 

 

19 июня 2023
МҚІА төрағасы Дархан Жазықбаев «Coursera» компаниясының басшысы Джефф Маджонкальдамен кездесті

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Астана халықаралық форумының қонағы, «Coursera» компаниясының басшысы Джефф Маджонкальдамен кездесті.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және оқыту мәселелері талқыланды. Дархан Жазықбаев мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру аясында мемлекеттік қызметшілерді оқытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Қазіргі заман мемлекеттік қызметшілерден білімін үнемі жетілдіруді, біліктілігін арттыруды, жаңа дағдыларды игеруді талап етеді. Біз үшін онлайн-курстарды дайындаудағы, өзекті тақырыптарды таңдаудағы, олардың пайдаланушыларға қарапайым тәсілмен қолжетімділігін қамтамасыз етудегі «Coursera»-ның үлкен тәжірибесі қызықты», - деді Д.Жазықбаев.

Джефф Маджонкальда мырза «Coursera» мүмкіндіктері туралы айтып, оқытудың жаңа әдістерін енгізу бойынша тәжірибелерімен бөлісуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ шетелдік қонақ мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша әртүрлі елдердің ведомстволарымен табысты жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан қол үзбей оқыту мүмкіндіктерін кеңейту бойынша басқа елдердің тәжірибесіне қызығушылық білдірді.

Тараптар «Coursera» платформасындағы онлайн курстарды қазақ тіліне аударудың және осы бағыттағы жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына «Coursera» платформасында жекелеген онлайн-курстарды қолжетімді ету туралы келісімге қол жеткізілді, бұл қазақстандық бірқатар мемлекеттік қызметшілерге  қашықтық режимінде өз біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында тараптар мемлекеттік қызметшілерді онлайн-оқыту саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті.

 

19 июня 2023
Мемлекеттік қызметтегі мінсіз бедел қағидаттарын нығайту мәселелері талқыланды

15-16 маусымда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі мінсіз бедел қағидаттарын нығайту мәселелерін талқылау бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, іс-шараның күн тәртібінде мемлекеттік лауазымдарға орналасу кезінде азаматтардың беделіне қойылатын талаптарды жетілдіру және әдеп жөніндегі уәкілдердің мәртебесі мен рөлін арттыру мәселелері қаралды.

Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Парламент Сенатының депутаты Мұрат Қадырбек, Президент Әкімшілігі Мемлекеттік Басқару Бөлімінің Меңгерушісі Альтаир Ахметов, БҰҰ Даму бағдарламасы Стамбул өңірлік орталығы Саясат және бағдарламаларды қолдау жөніндегі бюросының Сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік басқару саласы жөніндегі маманы Ираклий Котетешвили, Грузия Мемлекеттік қызмет бюросы басшысының орынбасары Элгуджа Макалатия, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру, өзара қарым-қатынас мәдениетін дамыту мәселелерінің өзектілігін атап өтті.

«Біз мемлекеттік басқарудың «адамға бағдарланған» моделін құру кезеңіне өттік. Парадигма өзгеруде. Президент айтқандай, «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін».

Мемлекеттік қызметтің сервистілігін арттыру және мемлекеттік қызметтегі мінсіз бедел қағидаттарын нығайту мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға, оған қоғамның сенімін арттыруға ықпал етеді.

Мемлекеттік қызметшілердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға назар аудару қажет. Қызметтік әдеп нормаларының бұзылмауын қадағалап, мінсіз бедел қағидаттарын бұдан әрі мемлекеттік қызметке тән тұрақты ұстаным ретінде орнықтыруда Әдеп өкілдерінің жұмысын жетілдіру қашанда маңызды», – деді МҚІА басшысы.

Бүгінгі күні Агенттік тарапынан Әдеп жөніндегі уәкіл институтын жетілдіру, олардың мәртебесін арттыру мақсатында Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережені қайта қарау туралы ұсыныс беріліп, 2023 жылғы 5 маусымда Президент Жарлығымен тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Өзгерістерге сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік қызметшілердің өтініштерін өз бетінше қарау және әдепке байланысты тәртіптік теріс қылықтарды қарау кезінде қорытынды шығару функцияларын беруді көздейтін түзетулер енгізілді. Бұған қоса, енді Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымын атқаратын адамдар мемлекеттік органның бірінші басшысына тікелей бағынатын болады.

Өз кезегінде Ақмола облысының әкімі іс-шараның нәтижелері бойынша Мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға бағытталған қағидаттар енгізілетініне үміт білдірді.

«Жыл сайынғы осындай іс-шаралардың Ақмола алаңынан басталғаны қуантады. Бүгінгі шараны Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында өткізу оған ерекше мән береді.

Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттің күші – оның қызметшілерінде, олардың елді нығайтуға, оны заманауи, табысты және қауіпсіз етемін деген қабілеті мен ниетінде», – деді Ермек Маржықпаев.

Шара спикерлері қоғамның мемлекеттік аппаратқа деген сенімін нығайту мәселесіне қатысты көзқарастарымен бөлісті.

Семинар-кеңесте қатысушылар Әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі мен мәртебесін одан әрі дамыту, мемлекеттік лауазымдарға орналасу кезінде азаматтардың мінсіз беделіне байланысты талаптарды жетілдіру, мемлекеттік қызметте ұйымдастырушылық мәдениетті жаңғырту мәселелерін талқылады.

Қазіргі уақытта орталық мемлекеттік органдарда және облыс  әкімдерінің аппараттарында 765, оның ішінде 34 дербес Әдеп жөніндегі уәкіл қызмет атқарады.

Өткен жылдың өзінде еліміз бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдер 20 мыңнан астам азамат пен мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсетті, атап айтқанда 167 өтініш берушінің құқығы қалпына келтірілді, 25 мыңға жуық түсіндіру-профилактикалық іс-шаралар іске асырылды, оның ішінде өңірлерге шығу арқылы 4,5 мың шара.

Қабылданған шаралар нәтижесінде қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері азайып, тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны өткен кезеңмен салыстырғанда  21%-ға қысқарды (2021 жылғы 412-ден 2022 жылы 325-ке дейін).

13 июня 2023
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының жеңімпазы анықталды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдар арасында үздік мемлекеттік қызмет көрсетушіні анықтауға бағытталған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының қорытындысын шығарды.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен үш жүзден астам қызмет көрсетуші қатысты. Қатысуға ниет білдергендер қатарында Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының қызмет көрсетушілері жоғары белсенділік танытты.

Республикалық комиссияның шешімімен Абай облысы Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» атағына ие болды.

Сонымен қатар, осы номинацияда бірінші орынды Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің Шоғы Мұналы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі, екінші орынды Шымкент қаласының әділет департаменті, үшінші орынды Костанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Костанай қаласы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы иеленді.

Республикалық комиссияның құрамына Агенттік және Мемлекеттік басқару академиясы, қоғамдық ұйымдар және БАҚ өкілдері, мемлекеттік басқару саласындағы сарапшылар кірді.

Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар республикалық комиссияға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бейнепрезентацияларын ұсынды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, оларды көрсетудегі бюрократиялық кедергілерді жою бойынша «Адамдар ең алдымен» тақырыбындағы жобаларын қорғады

«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы Агенттікпен биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Конкурстың негізгі мақсаты – қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, оларды ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарланудың негіздерін нығайту.

Конкурс сондай-ақ клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппарат қағидаттарын қалыптастыруға, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға үлес қосқан үздік қызмет көрсетушіні анықтауға және көтермелеуге бағытталған.

Конкурс жеңімпаздары «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» орайластырылған салтанатты іс-шарада марапатталады.

 

 

09 июня 2023
Қазақстанда үздік Әдеп жөніндегі уәкілдер анықталды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «Үздік Әдеп жөніндегі уәкілді» анықтау мақсатында республикалық конкурстық комиссия отырысы өтті.

«Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» конкурсы 2018 жылдан бастау алады. Конкурс «Орталық мемлекеттік органның үздік Әдеп жөніндегі уәкілі», «Жергілікті атқарушы органның үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» атты 2 номинациядан тұрады. Қатысушылар конкурстық комиссияның қарауына мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру және әдеп жөніндегі уәкіл институтын одан әрі жетілдіру мәселелеріне арналған эссе мен жоба презентациясын ұсынады.

Әрбір үміткер бойынша шешім конкурстық комиссия мүшелері қойған балдарды есептеу жолымен қабылданады.

Комиссия мүшелері ретінде конкурсқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Агенттік және Мемлекеттік басқару академия, БАҚ өкілдері, мемлекеттік басқару саласындағы сарапшылар қатысты.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдықова «Орталық мемлекеттік органның үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» болып танылды. Осы номинацияда алғашқы үш орынды келесі қатысушылар иеленді:

І орын – Илхам Аметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі;

ІІ орын –Зина Байгаскина, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі;

ІІІ орын – Қабланбек Әшімов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Өңірлік деңгейде «Жергілікті атқарушы органның үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» атағына Атырау облысының әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметова ие болды. Бұл номинация бойынша алғашқы үш орынды келесі конкурсанттар иеленді:

І орын – Сейілхан Серікбаев, Солтүстік Қазақстан облысы;

ІІ орын – Махсат Исаев, Түркістан облысы;

ІІІ орын – Ринат Арыстанбек, Шығыс Қазақстан облысы.

Жеңімпаздар «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған салтанатты іс-шарада марапатталады.

Қазақстанда Әдеп жөніндегі уәкіл институты 2015 жылдан бастап жұмыс істейді және қазіргі уақытта әрбір мемлекеттік орган мен облыс әкімдерінің аппараттарында 765 Әдеп жөніндегі уәкіл қызмет атқарады, олардың 30-ы дербес мәртебеге ие.

Бүгінде институт қызметі жоғары тиімділігін көрсетуде. Өткен жылдың өзінде Әдеп жөніндегі уәкілдер 20 мыңнан астам азамат пен мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсетіп, 167 өтініш берушінің құқығын қалпына келтірді, 25 мыңға жуық түсіндіру іс-шараларын жүргізді, оның ішінде өңірлерге 4,5 мың шығу іске асты.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2022 жылы қызметтік әдеп нормаларын бұзу саны және тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны 2021 жылмен салыстырғанда 412-ден 325-ке дейін, тиісінше 21% - ға қысқарды.

02 июня 2023
Мемлекеттік аппарат қызметін жақсарту бойынша үздік 30 ұсыныс онлайн-дауыс беруге ұсынылады

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 31 мамыр мен 2 маусым аралығында өткен «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауының II кезеңі аяқталды.

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы 2017 жылдан бастап жыл сайын мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесімен алмасу, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін айқындау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсатында өткізіледі. 2017 жылы байқауға қатысуға ниет білдіргендер саны 307 адамды құраса, бүгінгі күні олардың саны екі есеге артып, 609 мемлекеттік қызметшіні құрады.

Конкурсқа кемінде үш жыл мінсіз мемлекеттік қызмет өтілі бар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қатыса алады. Байқау жеңімпаздары өңірлік және республикалық комиссиялар шешімімен анықталады. Әрбір үміткер бойынша шешім қатысушының мемлекеттік қызметтегі жетістіктерін бағалау критерийлері бойынша балдарды есептеу, өңірлік комиссия мүшелері шығарған кейс пен құрылымдық сұхбаттың шешімі және конкурсқа қатысушылардың рейтингін жасау жолымен қабылданады.

Комиссиялар құрамы қоғамдық ұйым, үкіметтік емес ұйым, БАҚ, тәуелсіз сарапшылар мен мемлекеттік орган өкілдерінен қалыптасты. Республикалық кезеңге өткен мемлекеттік қызметшілер комиссия алдында мемлекеттік аппараттың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарын презентация жасады. Республикалық комиссия шешімімен ең үздік 30 ұсыныс онлайн-дауыс беруге іріктеледі.

Онлайн-дауыс беру Агенттіктің телеграмдағы «Qyzmet news» каналында өткізіледі, оған республиканың барлық азаматтары қатыса алады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздары анықталып, олар «23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнінде» «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісімен марапатталады.

 

30 мая 2023
«Үздік ауыл әкімі» конкурсының өңірлік кезең жеңімпаздары анықталды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ауылдық округ әкімдері арасында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы өткізілуде.

Биыл төртінші жыл өткізіліп отырған бұл конкурстың мақсаты – ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген ауыл әкімдерін анықтау және  оларды ынталандыру шаралары аясында жергілікті басқарудағы тиімді, үздік тәжірибелерді кеңінен тарату.  

Конкурс өңірлік және республикалық кезеңдерден тұрады.

Бүгінгі күні конкурстың өңірлік кезеңі аяқталды. Онда құрамына мемлекеттік органдар, мәслихаттар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері кірген өңірлік комиссиялардың шешімі бойынша конкурстың екінші – республикалық кезеңіне қатысатын үздік ауыл әкімдері іріктелді.

Айта кету керек, әкімдердің қызметін бағалау кезінде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жасаған жұмыс нәтижелері және жұртшылықпен кері байланысты қамтамасыз етуі, жергілікті қоғамдастықтың әкімдерді бағалау қорытындылары ерекше ескерілді.

Сондай-ақ іріктеу барысында ауыл әкімдері ауылдық елді-мекендерде өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларын қорғап, оларды тұрақты дамыту бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Конкурсқа қатысуға еліміздің өңірілерінен жүзден аса ауылдық округ әкімдері ниет білдірді.

Өңірлік іріктеу қорытындысы бойынша конкурстың екінші –республикалық кезеңіне келесі ауыл әкімдері қатысады:

 

 

Ақмола облысы

 

-

 

Құдайбергенова Құралай Қойшыбайқызы

 

Ақтөбе облысы

 

-

Абилов Равиль Сандыбайұлы

 

Алматы облысы

 

-

Сарсенов Өмірбек Бегендікұлы

 

Атырау облысы

 

-

Абенова Гүлжазира Қайратқызы

 

Шығыс Қазақстан облысы

 

-

Мусоболинова Раушан Калымовна

 

Жамбыл облысы

 

-

Елемесова Кулжахан Алмасовна

 

Батыс Қазақстан облысы

 

-

Галиева Саягүл Мәулетқызы

 

Қарағанды облысы

 

-

Рахымбергенов Аслан Рахымұлы

 

Қостанай облысы

 

-

Бексұлтанов Болан Жұматайұлы

 

Қызылорда облысы

 

-

Ноғайбаев Жақсылық Нұридинұлы

 

Манғыстау облысы

 

-

Мураталиев Дастан Якияевич

 

Павлодар облысы

 

-

Метлушка Татьяна Васильевна

 

Солтүстік Қазақстан облысы

 

-

Сарсенбаев Асхат Талғатұлы

 

Түркістан облысы

 

-

Жартыбаев Бауржан Келесбекұлы

 

Абай облысы

 

-

Бекбаев Өмірбек Жанарбекұлы

 

Жетісу облысы

 

-

Нұрахметов Ермек Еркенұлы

 

Ұлытау облысы

 

-

Сәлкебаев Саят Смағұлұлы

Социальные сети
Instagram
Telegram
Facebook
Youtube
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы