Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет саласында басшылықты, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттіктің қарамағында:
«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылары туралы мәлімет
| № | Аты-жөні | Қызмет атқарған кезеңдері | 
| 1 | Байменов Әлихан Мұхамедияұлы | 1998 жылғы 18 қыркүйек – 2000 жылғы тамыз | 
| 2 | Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы | 2000 жылғы тамыз - 2003 жылғы 24 қараша | 
| 3 | Әдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы | 2003 жылғы 24 қараша - 2005 жылғы 14 қазан | 
| 4 | Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы | 2005 жылғы 14 қазан - 2007 жылғы 14 қараша | 
| 5 | Әдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы | 2007жылғы 14 қараша - 2008 жылғы 13 қазан | 
| 6 | Орсариев Арын Амангелдіұлы м.а. | 2008 жылғы 13 қазан - 2009 жылғы 25 тамыз | 
| 7 | Нұрпейісов Қайрат Айтмұхамбетұлы | 2009 жылғы 25 тамыз - 2011 жылғы 1 шілде | 
| 8 | Байменов Әлихан Мұхамедияұлы | 2011 жылғы 1 шілде – 2014 жылғы 6 тамыз | 
| 9 | Қожамжаров Қайрат Пернешұлы | 2014 жылғы 6 тамыз – 2015 жылғы 11 желтоқсан | 
| 10 | Донақов Талғат Советбекұлы | 2015 жылғы 11 желтоқсан – 2016 жылғы 13 қыркүйек | 
| 11 | Қожамжаров Қайрат Пернешұлы | 2016 жылғы 13 қыркүйек – 2017 жылғы 11 желтоқсан | 
| 12 | Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы | 2017 жылғы 11 желтоқсан – 2019 жылғы 14 маусым | 
| 13 | Жайылғанова Анар Нұралықызы | 2019 жылғы 14 маусым - 2022 жылғы 11 қаңтар | 
| 14 | Жазықбай Дархан Медеғалиұлы | 2022 жылғы 11 қаңтар - бүгінгі күнге дейін |