Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелерінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру:

  • мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;
  • мемлекеттiк органдармен немесе лауазымды адамдармен мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнаманы және қызметтік әдеп нормаларын бұзу сұрақтары бойынша шағымдарды қарау;
  • мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізу;
  • тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;
  • заңнаманы бұза отырып қабылданған шешімдердің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;
  • әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
  • мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бақылау саласында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру;
  • мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп саласында бақылау бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • қызметтік әдеп нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу;
  • Әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысын үйлестіру;
  • Әдеп жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестіру;
  • Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және әдіснамалық қамтамасыз ету;
  • Әдеп жөніндегі комиссияның ұсыныстары бойынша қолданылған тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастауды келісу;
  • «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын өткізу;
  • әдептік құқық бұзушылықтардың профилактикасы саласында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық конкурсын өткізу;
  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуына мониторинг жүргізу;
  • ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен өзара әрекеттесу;
  • «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг ұйымдастыру;
  • Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін ұйымдастыру;
  • Агенттіктің қызметшілерімен, аумақтық органдармен, ведомстволық ұйымдармен және Агенттікке қызметтерді/тауарларды/жұмыстарды қамтамасыз ететін компаниялармен ақпараттық қауіпсіздік саясатын ұстануды бақылау;
  • ақпаратты қорғау саласында Агенттікті аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдармен жабдықтау бойынша шараларды жүзеге асыру;
  • ақпараттық қауіпсіздік саласында қызметтер, тауарлар және жұмыстарды сатып алуға техникалық спецификацияларды әзірлеу;
  • ақпараттық қауіпсіздік саласында актівтерді инвентаризациялау және материалдық құндылықтар бойынша жұмыстарды өткізу;
  • серверлерде, желілік экрандарда және басқару коммутаторларында ақпараттық қауіпсіздік саясаттар және ережелерді жүйеге келтіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзуларды анықтау бойынша шараларды жүзеге асыру.
Документы
Ақпарат
13 января 2026
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
2025 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама және қызметтік әдеп нормаларының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижелері туралы ақпарат
Ақпарат
17 декабря 2025
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын және қызметтік әдепті сақталуы бойынша 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тексерулердің жоспарын бекіту туралы
Бұйрық
29 сентября 2025
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
«Мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын және қызметтік әдепті сақталуы бойынша 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған тексерістердің жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 19 мамырдағы № 87 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Новости
Полезные материалы
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Медиагалерея
4
Жас мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара
3
МҚІА-ның 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша мәжіліс
События
09 декабря
«Елге қызмет ету – мінезден» республикалық байқауының қорытындысы
03 марта
Әдеп жөніндегі комиссия отырысы
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті
Часто задаваемые вопросы
Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға қатысты түсіндірме беруіңізді сұраймын

Егер мемлекеттік әкімшілік қызметші жаңа теріс қылық жасамаса және бұл ретте өзін адал қызметкер ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өткенге дейін алынып тасталуы мүмкін.

Тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алу үшiн жаза қолданылған мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң тiкелей басшысы уәкілетті адамға тиісті ұсыныс енгізеді.

Егер тікелей басшы уәкілетті адам болып табылса, тиісті ұсынысты персоналды басқару қызметі енгізеді.

Бұл ретте, осы Қағидалардың 86-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, .Ұлттық комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының, Әдеп жөніндегі комиссияның, Әдеп жөніндегі кеңестің немесе мемлекеттік органның тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауды оны қолданған уәкілетті адам тиісінше Ұлттық комиссияның, Әдеп жөніндегі комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының, Әдеп жөніндегі кеңестің немесе мемлекеттік органның тәртіптік комиссиясының келісімімен жүргізеді.

Тәртіптік жаза қолдану мерзімі?

Тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қолданыла алмайды.

Жоғарыда көрсетілген мерзімдерді сақтау мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын қарау кезінде мемлекеттік органдар үшін міндетті талап болып табылады.

Осылайша, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану екі мерзім де, яғни теріс қылық анықталған күннен бастап және ол жасалған күннен бастап ғана мүмкін болады.

Тәртіптік теріс қылық анықталған күн?

Уәкілетті адамға комиссияның тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымы келіп түскен күн тәртіптік теріс қылық анықталған күн болып саналатынын түсіндіреміз.

Социальные медиа

Instagram
Telegram
Facebook
Youtube

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты