Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

2026 жылғы 28 шілдеде сағат 11.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу мәселелері бойынша саяси партиялар, аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдеріне арналған онлайн-семинар өткізеді. 

Аталған семинарға қатысуға ниет білдірген саяси партиялар, аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар өкілдері 2026 жылғы 28 шілде күні сағат 08.30-10.30 аралығында аккредиттеуден өте алады. 

Өткізу форматы: ZOOM платформасына қосылу ұсынылған сілтеме арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту: Әрбір қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес ұйымға қосылу үшін шектеулі мөлшерде ZOOM сілтемесі ұсынылады.

Байланыс телефоны: 87075516615.