Меню

Страницы

Статья

Сұрақтар мен жауаптар

  • Дауыс беру 2026 жылдың 23 тамызына жоспарланған.
  • Учаскелердің жұмыс уақыты: жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін.
  • Партиялардың сайлауалды үгіті 23 шілдеде сағат 18:00-ден басталып, 22 тамызда сағат 00:00-де аяқталады, содан кейін "тыныштық күні" басталады.

Орталық орган: ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты (https://www.election.gov.kz/kaz/). Онда барлық қаулылар, күнтізбелік жоспар, тіркелген кандидаттардың тізілімі және партиялық тізімдер жарияланады.

Сондай-ақ аумақтық сайлау комиссиясына, учаскелік сайлау комиссиясына немесе жергілікті атқарушы органға жүгінуге болады.

Сайлау тек партиялық тізімдер бойынша өтеді. Орталық сайлау комиссиясына құжаттарды елімізде ресми тіркелген 7 саяси партия тапсырды:

  • «Әділет» партиясы;
  • «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы;
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП);
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП);
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
  • Respublica партиясы.

Дауыс беру күніне 18 жасқа толған және сот шешімі бойынша сайлау құқығынан айырылмаған Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беруге құқылы. Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелу негіз болып табылады.

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік немесе заңнамада көзделген өзге құжат) болуы қажет.

Сіз сайлаушылар тізіміне кіргеніңізді:

  • әкімдікте тұрғылықты жеріңіз бойынша;
  • учаскелік немесе аумақтық сайлау комиссиясында;
  • олардың науқан аясында іске қосылуына қарай ОСК ресми сервистері арқылы тексере аласыз.

Үй-жайдан тыс қалай дауыс беруге болады

Егер Сіз дауыс беру күні сайлау учаскесіне келе алмасаңыз, Сіз орналасқан жеріңіз бойынша дауыс беруге құқылысыз.

Егер сайлау күні Сіз тұрақты тіркелген жеріңізде болмайтын болсаңыз (іссапарда, демалыста немесе басқа қалада болсаңыз), дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігін алуыңыз қажет.

Қайдан алуға болады: Сіздің тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша учаскелік сайлау комиссиясының (УСК) үй-жайында.

Қашан жүгіну керек:есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру күнінен 20 күн бұрын басталып, сайлаудың алдындағы күні сағат 18:00-де аяқталады.

Не қажет: жеке куәлігіңізді алып, сайлау учаскесіне жеке келіп, өтініш жазуыңыз қажет. Соның негізінде Сіз тұрақты тіркелген жеріңіздегі сайлаушылар тізімінен шығарылып, Сізге дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігі беріледі. Осы куәлікпен 23 тамыз күні еліміздің өзіңізге қолайлы кез келген сайлау учаскесінде дауыс бере аласыз.

Ескертпе: бір елді мекен (қала немесе аудан) шегінде есептен шығару куәліктері берілмейді.

Сайлау учаскесінің үй-жайынан тыс дауыс беру:

  • денсаулық жағдайы бойынша;
  • науқас отбасы мүшесінің күтіміне байланысты;
  • сайлау учаскесі құрылмаған шалғай немесе жету қиын ауданда болған кезде өткізіледі.

Учаскелік сайлау комиссиясына орналасқан жері бойынша дауыс беруді ұйымдастыруды сұрап жазбаша өтініш беру қажет.

Өтініш беру мерзімі: дауыс беру күні – 3 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-ге дейін. Өтініш келіп түскеннен кейін сайлау комиссиясының төрағасы сайлаушылар тізімінде тиісті белгі қояды.

Көшпелі дауыс беру жәшігін учаскелік сайлау комиссиясының екі мүшесі алып жүреді.

Комиссия үй-жайдан тыс жерде дауыс беру өткізілетіні туралы бақылаушыларды, сенім білдірілген адамдарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін хабардар етеді.  

Бақылаушы және сенім білдірілген адамдар шығу кезінде комиссия мүшелерімен бірге жүруге құқылы.

Сайлау бюллетені:

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • сайлаушының жазбаша өтініші негізінде беріледі.

Бюллетень берген сайлау комиссиясының мүшесі:

  • бюллетеньге өз қолын қояды;
  • сайлаушының жазбаша өтінішіне қол қояды.

Шетелде қалай дауыс беруге болады

Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы учаскелердегі сайлаушылар тізіміне Қазақстан Республикасының келесі азаматтары енгізіледі:

  • тиісті шет мемлекетте тұратын;
  • ұзақ шетелдік іссапарда жүрген;
  • жеке шақыру бойынша келген;
  • қызметтік, іскерлік немесе туристік сапарда болған.

Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелерінің тізімімен келесі интернет-ресурстардан танысуға болады:

  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.
  • Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау комиссиясына жүгіну;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжатын көрсету.
Дата публикации
31 июля 2026
Дата обновления
31 июля 2026
Тип

Сейчас читают

31 июля 2026
Сұрақтар мен жауаптар
29 июля 2026
Өңірлердегі сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпарат
28 июля 2026
«Respublica» партиясының бағдарламасы

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
Қазақстан Республикасының Конституциясы
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы