Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғры білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 2025 жылғы 29-30 мамыр аралығында Алматы қаласында ғылыми журналдардың баспагерлері мен редакторларына арналған конференциясы (бұдан әрі – Конференция) өтетінін хабарлайды.
Конференцияның мақсаты: ғылыми журналдардың бас редакторлары арасында редакциялық процесті басқару, ЖИ қолдану, жарияланымдардың сапасын арттыру, этикалық стандарттарды сақтау, ынтымақтастықты дамыту және кәсіби желілер құру мәселелері бойынша тәжірибе мен білім алмасуға арналған платформа құру.
Конференция бағдарламасында халықаралық сарапшылар, стратегиялық серіктестер - Clarivate, Wiley, Springer, АНРИ компаниялары өкілдерінің баяндамалары. Конференцияға ғылыми жұмысы жөніндегі проректорлар, журналдардың редакторлары және зерттеушілерді қатысуға шақырамыз.
Конференция офлайн форматта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында өтеді.
Конференцияға мына сілтеме арқылы тіркелуге болады https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScrol7t8Uhs7_SxTdeDwTjt75R5RL1yEl9aYNIkdsO4EBi87w/viewform?usp=header