ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ АШЫЛУЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ АШЫЛУЫ

Ағымдағы жылы PhD докторлық диссертацияларды қорғау бойынша бірқатар диссертациялық кеңестердің өкілеттік мерзімі аяқталды.

Осыған байланысты, ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 2025 жылдың 1-тоқсаны ішінде кадрларды даярлау бағыты бойынша 74 диссертациялық кеңес ашу үшін ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-ның өтініштерін қарады.

ЖЖОКБҰ-ның өтініштерін қарау қорытындысы бойынша Комитет төрағасының бұйрығымен кадрлар даярлау бағыты бойынша 58 диссертациялық кеңес ашылды.

Оның ішінде білім беру саласында Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары 15, Бизнес, басқару және құқық 8, Педагогикалық ғылымдар 5, Денсаулық сақтау 5, Жаратылыстану ғылымдары 5, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 3.