ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Сыртқы бағалау және талдау басқармасының басшысы Қарлығаш Жеңісқызы Сакенова Ядролық физика институтының "Advances in Nuclear Science and Applications" жаңа журналының ашылуына қатысты.
Қарлығаш Сәкенова Ядролық физика институтының ғылыми беделін және редакциялық алқа құрамын ескере отырып, Advances in Nuclear Science and Applications ядролық физика саласындағы озық зерттеулермен айналысатын ғалымдар арасында білім алмасу және ынтымақтастық алаңына айналатынын атап өтті.
Ядролық физика институтын "Advances in Nuclear Science and Applications" жаңа журналының ашылуымен құттықтаймыз!