«Таза парақтан» жаңа реттеу саясаты шеңберінде іске асырылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау жүйесін автоматтандыруды енгізе отырып, 2024 жылы мемлекеттік бақылауға жататын жоғары оқу орындарының тізімін «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесі қалыптастырды (www.egov.kz).
2024 жылғы 06-14 маусым аралығында Комитет «Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» мемлекеттік емес білім беру мекемесінде (бұдан әрі – Университет) біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізілді.
Нәтижесінде Университеттің білім беру қызметі ҚР ҒЖБМ 2024 жылғы 5 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген ЖЖОКБҰ қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бұза отырып жүргізіліп жатқаны анықталды, оның ішінде:
- білім беру бағдамалардың МЖМБС талаптарына сәйкес келмеуі;
- кейбір пәндердің оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілмеуі;
- медициналық пункттің сәйкес емес орналасуы, сондай-ақ медициналық жабдықтар мен аспаптардың жеткіліксіздігі;
- А және А2 ғимараттарында тамақтану жағдайларының жасалмауы;
- оқу үй-жайларының санитарлық нормаларға және өрт қауіпсіздігі ержелеріне сәйкес келмеуі;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін білім беру қызметтеріне кедергісіз қол жеткізудің болмауы;
- ПОҚ сандық деректерінің ҚР ҒжЖБМ АЖ ақпаратына сәйкестігіне қойылатын талаптарды сақтамау;
- ПОҚ қойылатын талаптарды сақтамау – біліктілігін арттыру бойынша, білімінің сәйкестігі бойынша, пәндерді оқытушылармен қамтамасыз ету бойынша және т.б.
Университетке білім беру қызметін білім туралы және Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамаға сәйкес келтіруге мүмкіндік беру мақсатында анықталған бұзушылықтарды жою туралы Нұсқама шығарылды. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 464-бабының 1-бөлігінде көзделген негіздер бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылданды. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін Комитет нұсқаманың орындалуына бақылау жүргізетін болады.