«Таза парақтан» жаңа реттеу саясаты шеңберінде іске асырылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау жүйесін автоматтандыруды енгізе отырып, 2024 жылы мемлекеттік бақылауға жататын жоғары оқу орындарының тізімін «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесі қалыптастырды (www.egov.kz).
2024 жылғы 06-14 маусым аралығында Комитет «Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті» жеке меншік мекемесінде (бұдан әрі – Университет) біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізілді.
Нәтижесінде Университеттің білім беру қызметі ҚР ҒЖБМ 2024 жылғы 5 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген ЖЖОКБҰ қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бұза отырып жүргізіліп жатқаны анықталды, оның ішінде:
- білім беру бағдамалардың МЖМБС талаптарына сәйкес келмеуі;
- кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламаларының 100% пәндерін қамтамасыз ететін баспа және (немесе) электрондық басылымдар форматында оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілмеуі;
- оқытушылардың сандық және сапалық құрамына нормаларды сақтамау;
- оқытушылардың оқытылатын пәндерінің бейініне сәйкес кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы сертификаттардың болуына қойылатын талаптарды сақтамау;
- санитариялық қағидаларға сәйкес келетін алаңы бар оқу үй-жайларымен қамтамасыз ету жөніндегі санитариялық қағидаларға сәйкестігі жөніндегі талаптарды сақтамау;
- мағынасын өзгертпестен сөздер мен сөз тіркестерін синомикалық ауыстыра отырып, қарыз материалдың болуын және мәтінді пайдалануды тексеруге қойылатын талаптарды сақтамау және т. б.
Университетке білім беру қызметін білім туралы және Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамаға сәйкес келтіруге мүмкіндік беру мақсатында анықталған бұзушылықтарды жою туралы Нұсқама шығарылды. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 464-бабының 1-бөлігінде көзделген негіздер бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылданды. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін Комитет нұсқаманың орындалуына бақылау жүргізетін болады.