«Таза парақтан» жаңа реттеу саясаты шеңберінде іске асырылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау жүйесін автоматтандыруды енгізе отырып, 2024 жылы мемлекеттік бақылауға жататын жоғары оқу орындарының тізімі «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесі қалыптастырылды (www.egov.kz).
2024 жылғы 13-22 мамыр аралығында Комитет «Қазақ-Орыс Халықаралық университеті» Халықаралық жоғары оқу орны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің («ХЖОО «ҚОХУ» ЖШС) (Ақтөбе қ.), (бұдан әрі – Университет) біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізілді.
Нәтижесінде Университеттің білім беру қызметі ҚР ҒЖБМ 2024 жылғы 5 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген ЖЖОКБҰ қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бұза отырып жүргізіліп жатқаны анықталды, оның ішінде:
-кадрларды даярлау бағытының бейіні бойынша білім беру ұйымдарымен және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-білім беру және (немесе) ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы шарттардың (келісімдердің) қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптарды сақтамау;
- білім беру бағдамалардың МЖМБС талаптарына сәйкес келмеуі;
- ақылы негізде 1 (бір) білім алушыға ЖОО-ның ең төменгі шығындарының сәйкестігіне қойылатын талаптарды сақтамау;
- кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламаларының 100% пәндерін қамтамасыз ететін баспа және (немесе) электрондық басылымдар форматында оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілмеуі;
- оқытушылардың сандық және сапалық құрамына нормаларды сақтамау;
- оқытушылардың оқытылатын пәндерінің бейініне сәйкес кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы сертификаттардың болуына қойылатын талаптарды сақтамау;
- білім беру бағдарламасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлау бағыты бойынша практика базаларын қамтамасыз етпеу;
- Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін алаңы бар оқу үй-жайларымен қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ спорт залы бойынша санитариялық қағидаларға сәйкестігі жөніндегі талаптарды сақтамау;
- мағынасын өзгертпестен сөздер мен сөз тіркестерін синомикалық ауыстыра отырып, қарыз материалдың болуын және мәтінді пайдалануды тексеруге қойылатын талаптарды сақтамау;
- кадрларды даярлау бағыты бойынша бакалавриат деңгейі бойынша түлектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етпеу;
- кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық және (немесе) ғылыми-әдістемелік және (немесе) шығармашылық базамен қамтамасыз етпеу және т. б.
Университетке білім беру қызметін білім туралы және Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамаға сәйкес келтіруге мүмкіндік беру мақсатында анықталған бұзушылықтарды жою туралы Нұсқама шығарылды. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 464-бабының 1-бөлігінде көзделген негіздер бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылданды. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін Комитет нұсқаманың орындалуына бақылау жүргізетін болады.