«Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ-да жүргізілген мемлекеттік бақылау шарасының нәтижесі туралы

«Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ-да жүргізілген мемлекеттік бақылау шарасының нәтижесі туралы

Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитеті білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу міндеттерін орындау аясында, 2024 жылғы 22 – 29 сәуір аралығында «Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ-ның (бұдан әрі - Университет) біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді 

         Талдау мен бағалаудың мәні ретінде Университеттің 2023-2024 жылдардағы қызметінің сапасы, оның білім беру және рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы нормативтік талаптарға сәйкестік деңгейі айқындалды.

         Нәтижесінде, Университеттің білім беру қызметінің Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бұзушылықтармен жүргізіліп келе жатқаны анықталды. Оның ішінде: білім беру бағдарламаларын жасақтау және бекіту кезінде Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарынан ауытқушылық; материалдық-техникалық ресурстармен жарақтандыруға қойылатын талаптардың бұзылуы; профессорлық-оқытушылық құрамға қойылатын нормативтік талаптардың сақталмауы; ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібінің қамтамасыз етілмеуі; бітіруші түлектердің игерген мамандығы бойынша жұмысқа орналасу деңгейінің талапқа сай келмеуі және т.б.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы Нұсқама беріліп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 464-бабының 1-бөлігімен көзделген негіздер бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылданды. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін Комитет тарапынан Нұсқаманың орындалуына бақылау жүргізілетін болады.