Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары

«Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесі арқылы бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесі айқындалып, автоматты түрде қалыптастырылған мемлекеттік бақылау шараларының тізілімінің негізінде, 2024 жылғы 4-15 наурыз аралығында «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы» РММ-де (бұдан әрі – Академия) профилактикалық бақылау жүргізілді.

Жалпы алғанда, Академияның білім беру қызметінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай білім сапасын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті жұмыстардың барысы сарапталды. Профилактикалық бақылау шеңберінде «7В123 - Қоғамдық қауіпсіздік» дайындық бағыты бойынша бакалавриаттың 3 курс білім алушыларына кешенді тестілеу өткізілді. Нәтижесінде тестілеуге қатысқан білім алушылардың 94,06%-ы оң нәтиже көрсетіп, кадрларды даярлаудың аталған бағыты бойынша білім алушылардың білім деңгейі Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес деп танылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік бақылау шарасының қорытындысы бойынша жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыруға қойылатын кейбір заңнама талаптарын сақтамау фактілері айқындалды. Атап айтқанда, білім беру бағдарламасының жекелеген оқу пәндерінің баспа және электрондық форматтағы оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілмеуі, проффесорлық-оқытушылық құрамның оқу жүктемелерін бекіту барысында белгіленген нормалардың сақталмауы және т.б.

Профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша, Академияға білім беру қызметіндегі бұзушылықтарды жою жөнінде Нұсқама беріліп, ғылым және жоғары білім саласындағы заңнама талаптарына сәйкестендіру үшін атқарылатын шаралар туралы ұсыныстар айтылды.