Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары

 «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесі арқылы бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесі айқындалып, автоматты түрде қалыптастырылған мемлекеттік бақылау шараларының тізілімінің негізінде, 2024 жылғы 4-15 наурыз аралығында «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы» РММ-де (бұдан әрі – Академия) профилактикалық бақылау және біліктілік талаптарына сәйкестікті тексеру жүргізілді.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету деңгейін сырттай бағалау мақсатында «7М123 - Қоғамдық қауіпсіздік» дайындық бағыты бойынша магистратура деңгейін бітіруші түлектермен кешенді тестілеу өткізілді. Нәтижесінде тестілеуге қатысқан білім алушылардың 81,82%-ы оң нәтиже көрсетіп, олардың білім деңгейі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес деп танылды.

Дегенмен де, Академияның қызметінде білім сапасын қамтамасыз етуге қажетті бірқатар оң нәтижелермен қатар, қолданыстағы заңнама талаптарын бұзушылық фактілері де бар екендігі анықталды. Мәселен, Академияның ішкі қызметін регламенттейтін бағдарламалық-нұсқамалық сипаттағы басқарушылық құжаттардың болмауы, оқыту үдерісін ұйымдастыру және жүзеге асыруға қатысты олқылықтарға жол берілуі және т.б.

Бұған қоса, біліктілік талаптарына сәйкестікке жүргізілген тексеру қорытындысында да Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сай келмеу фактілері анықталды: білім беру бағдарламасының жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай келмеуі, білім алушылардың қалыпты оқу үдерісі үшін қалыпты жағдай жасауға қажетті кейбір ресми құжаттардың рәсімделмеуі.

Мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары бойынша, Академияға білім беру қызметіндегі бұзушылықтарды жою жөнінде Нұсқама беріліп, ғылым және жоғары білім саласындағы заңнама талаптарына сәйкестендіру үшін атқарылатын шаралар туралы ұсыныстар айтылды.