Оқу мерзімін растайтын құжаттар мен анықтама алу мүмкіндіктерінің болмауына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы жоқ жоғары оқу орындарының студенттерінен түскен шағымдар бойынша ақпарат

Оқу мерзімін растайтын құжаттар мен анықтама алу мүмкіндіктерінің болмауына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы жоқ жоғары оқу орындарының студенттерінен түскен шағымдар бойынша ақпарат

Құрметті студенттер, ата-аналар! Соңғы уақытта  білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан айырылған жоғары оқу орындары студенттері мен олардың ата-аналары тарапынан, құжаттарды және оқу мерзімін растайтын анықтаманы алу мүмкін болмауына байланысты  шағымдар көптеп түсуде. Осы орайда, Сіздерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында келесі ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.

 

Бірінші

"Білім туралы" Заңның 40-бабының 2-тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) Білім беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығы лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру немесе оларды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі не білім беру саласындағы уәкілетті органның лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген кезден бастап тоқтатылады.

Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алты ай ішінде бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алмаған жағдайда білім беру ұйымы сот тәртібімен таратылады.

 

Екінші

Заңның 42-бабына сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан және (немесе) лицензияға қосымшасынан айырылған (кері қайтарып алынған), қолданысы тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайларда, оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру (кері қайтарып алу), қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданған кезден бастап екі ай ішінде:

1) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ауыстыруды және олардың жеке істерін беруді;

 2) білім алуын аяқтамаған немесе қорытынды аттестаттаудан өтпеген адамдардың жеке істерін, сондай-ақ алдыңғы жылдары білім беру ұйымында оқуын аяқтаған адамдардың жеке істерін және білім туралы құжаттарының көшірмелерін тиісті мемлекеттік архивке беруді қамтамасыз етеді.

 

Үшінші

Көрсетілген Заңның 40-бабының (2-тармақшасы) және 42-бабының міндеттемелерін орындамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабының 4-1-тармақшасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

 

Төртінші

"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, мемлекеттік үлгідегі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың нысанын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, жоғары және (немесе)жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 47 бұйрығына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзіндік үлгісі және оларды есепке алу және беру қағидаларының 23 – тармағы сәйкес ЖЖОКБҰ таратылған кезде жеке тұлғалар білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша мұрағатқа жүгінеді. Мемлекеттік мұрағаттар мен олардың филиалдары, ведомстволық және жеке мұрағаттар берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалардың заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.

 

Бесінші

ҚР "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Заңына сәйкес

15 - баптың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік, ведомстволық және жеке мұрағаттар жеке және заңды тұлғаларға мұрағаттық құжаттар негізінде олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті.

Жеке және заңды тұлғалардың куәландырылған көшірмелерін және мұрағаттық құжаттан мұрағаттық үзінділерді алуға құқығы бар.

Мемлекеттік мұрағаттар мен олардың филиалдары, ведомстволық және жеке мұрағаттар берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалардың заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.

 

Алтыншы

Білім алушылардың құжаттары мен жеке істері жабық ЖОО орналасқан жердегі аумақтық мұрағаттарға берілмеген және олардан құжаттар немесе өзге де ақпарат алу қажет болған жағдайда азаматтық заңнамаға сәйкес сот органдарына өтінішпен жүгінген жөн.