«Таза парақтан» реттеу саясаты

«Таза парақтан» реттеу саясаты

ЖОО қызметін реттейтін 67 НҚА-ға талдау жүргізілді (4 заң, 63 заңға тәуелді актілер), талаптардың жалпы саны – 1794, оның ішінде: 49,6% (1794-тен 890) - білім беру саласындағы талаптар, 30,3% (544) - денсаулық сақтау саласында, 20,1% (360) - өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік.

Талдау қорытындысы бойынша «165 талаптың (9,2%) базалық шарттарға сәйкес келмеуі туралы» шешім қабылданды, оның ішінде: 137 – өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді талап етеді, 28 –күшін жоюды талап етеді. Министрлік ТПР шеңберінде НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кестесін бекітті, Министрлік бойынша 15 Нормативтік бұйрық енгізілді.

ҚР ҰЭМ порталында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы міндетті талаптар тізілімі қалыптастырылды (19 НҚА).

Министрліктің 14 нормативтік бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс аяқталды, 1 НҚА – Министрліктің құзыретінен шығарылды.

Міндетті талаптар тізіліміне сәйкес, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу 2026 жылғы қарашада көзделген. 

Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін автоматты есептеуді қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ТБЖ-ға өзгерістер енгізілді (ҒЖБМ-ң 26.04.2023ж. №183 және ҰЭМ-нің 26.04.2023ж. №50 бірлескен бұйрығы).

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемшарттарын автоматтандырудың мазмұндық бөлігінің алгоритмі әзірленді.

ТПР шеңберінде көшпелі оқыту семинарларының сериясы өткізілді (Астана қ., Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары және Абай, Ұлытау облыстары; Алматы қ., Алматы және Жетісу облыстары; Шымкент қ., Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары).