
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы) мемлекеттік аттестаттау өткізілді
Қолданыстағы заңнамамен жоғары оқу орындарының білім беру қызметінің тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сәйкестігін айқындау, білім берудің сапасы мен қолжетімділігін кешенді түрде бағалау мақсатында білім беру ұйымдарын 5 (жылда) бір рет мемлекеттік аттестаттау нормалары көзделген.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-1-бабына сәйкес, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мемлекеттік аттестаттауды ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жүзеге асырады.
Білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өткен не өтпеген деп танылады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 206 бұйрығымен бекітілген Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мемлекеттік аттестаттауды өткізу қағидаларының негізінде, ағымдағы жылдың мамыр айында «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы) мемлекеттік аттестаттау өткізілді.
Нәтижесінде, білім беру қызметін кешенді бағалауды жүргізген аттестаттау комиссиясының қорытындысының негізінде, Комитеттің 2026 жылғы 1 маусымдағы №394 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі 5 (бес) жыл мерзімге «мемлекеттік аттестаттаудан өтті» деп танылды.
Білім беру ұйымы басшылығына білім беру қызметін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асыруды ұдайы қамтамасыз ету жүктелді.