Astana IT University базасында «Қазақстандық басылымдардың тәжірибесі: практикалық кейстер мен ұсынымдар» атты ғылыми журналдардың редакторларына арналған семинар өткізілді

Astana IT University базасында «Қазақстандық басылымдардың тәжірибесі: практикалық кейстер мен ұсынымдар» атты ғылыми журналдардың редакторларына арналған семинар өткізілді

2026 жылғы 28 сәуірде ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім  саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми редакторлар кеңесі және Қазақстандық қоғамдық даму институтының қолдауымен Astana IT University базасында «Қазақстандық басылымдардың тәжірибесі: практикалық кейстер мен ұсынымдар» атты ғылыми журналдардың редакторларына арналған семинар ұйымдастырды. Семинарға 100-ден астам адам қатысты.

Спикер ретінде Scopusта индекстелетін жетекші қазақстандық журналдар редакторлары баяндама жасады. Олар журналды деректер базасына дайындағанда оны дамыту және жетілдіру, цифрлық құралдар мен жасанды интеллект технологияларын редакциялық үдерістерде пайдалану тәжірибелерімен бөлісті.