Астана халықаралық университетінің базасында әскери және арнайы жоғары оқу орындарындағы диссертациялық кеңестер мен ғылыми журналдардың қызметіне қатысты өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Бұған дейін біз Қазақстандағы ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми басылымдарды дамыту мәселелерін түрлі конференциялар мен семинарларда талқылаған болатынбыз.
Бүгінгі шара – әскери жоғары оқу орындарының өкілдері, диссертациялық кеңестердің басшылары және мамандандырылған басылымдардың редакторларын біріктірудің бірегей мүмкіндігі болды.
Бүгінгі кездесу аясында келесі мәселелер талқыланды:
Негізгі спикерлердің сөзінен кейін дөңгелек үстел жұмысы «Ашық микрофон» форматында жалғасты, онда әр қатысушы өз пікірін білдіріп, сұрақ қойып немесе ұсыныс енгізе алды.
Жалпы, тиімді жұмыс жүргізілді, мазмұнды пікір алмасу орын алып, қызықты талқылаулар болды.