Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Реттеу саясаты басқармасының 2023 жылғы қызметінің қорытындылары туралы

Басқарманың 2023 жылғы қызметі Министрліктің білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай саясатты іске асыру жөніндегі мақсатына қол жеткізуге бағытталды, оның ішінде:

- реттеу саясатын жүзеге асыру – профилактикалық бақылау, тексерулер; «таза парақтан» жаңа реттеу саясатын енгізу, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын автоматтандырудың мазмұндық бөлігі бойынша.

Реттеу саясаты басқармасы 2023 жыл ішінде келесі функциялар шеңберінде тапсырмаларды іске асырды:

1) Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласындағы заңнамасының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2) Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін және біліктілік талаптарына сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер графигін, сондай-ақ, мемлекеттік аттестаттауға жататын ӘАОО-ң тізбесін жасау;

3) «Таза парақтан» жаңа реттеу саясатын енгізу (ТПР);

4) ТПР шеңберінде мемлекеттік реттеудің жаңа тәсілдерін іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және автоматтандыру, мазмұндық бөлігі бойынша, әдіснамалық есептеулер;

6) «Жоғары білімнің бірыңғай платформасы» АЖ қажетті есептерді алу және талдау үшін басқа ақпараттық жүйелермен интеграциялау мәселесін пысықтау; 

7) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру жөніндегі Жол картасын орындау;

8) ТПР шеңберінде реттеуші актілерді қайта қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсынымдарға сәйкес Жұмыс тобын үйлестіру;

9) НҚА жобаларын әзірлеу;

10) бақылау шаралары мен талап арыздарының нәтижелері бойынша сот процестеріне қатысу.

Мемлекет басшысының стратегиялық құжаттары мен тапсырмаларын орындау: Қазақстан Республикасы Президентінің 10.09.2019ж. №152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі» Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 59-т.

Тиісті тетіктерді күшейте отырып, сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарының қызметін тоқтату жөніндегі жұмысты жандандыру бойынша бірқатар шаралар іске асырылды.

ЖОО-лардың бейіні мен даму стратегиясын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру сапасын арттыру мақсатында бақылау шаралары барысында ЖОО-лардың білім беру қызметін бейіндеу жұмыстары жүргізілді. ЖОО-дың берілетін білімнің сапасы үшін жауапкершілігі күшейтілді, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексе өзгерістер енгізілді.

ЖОО құрылтайшыларының ЖОО жабылған жағдайда білім алушыларды ауыстыру бойынша міндеттемелерін орындамағаны, білім алушылардың құжаттамаларын тиісті аумақтық мұрағатқа беруді қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік жауапкершілігі бекітілді.

Министрліктің ЖОО-н лицензиядан айыруға қатысты құзыреті кеңейтілді.

Бақылау жүргізу тетігі ЖОО-ң қызметін бағалау сапасын жақсарту бөлігінде қайта қаралды, ЖОО-ң қызметін бағалауды бақылау тетіктері жетілдірілді, білім алушылардың білімін бағалау арқылы білім беру қызметінің сапасын бағалаудың жаңа нысаны енгізілді. Сондай-ақ, ЖЖОКБҰ-да кадрлар даярлау сапасына қанағаттану бойынша білім алушылармен, ПОҚ-мен және жұмыс берушілермен сауалнама жүргізу тетігі енгізілді.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Әскери, арнаулы оқу орындарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидалары жетілдірілді, «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізілді (12.04.2023ж. №161 өзгерістер мен толықтырулар енгізу).

Тиісінше, мемлекеттік аттестаттауды өткізудің жаңа нормалары бойынша БАҚ-та бірқатар ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, ЖОО базасында ZOOM-конференциялар мен семинарлар өткізілді.     

 

 

«Таза парақтан» реттеу саясаты (ТПР)

ЖОО қызметін реттейтін 67 НҚА-ға талдау жүргізілді (4 заң, 63 заңға тәуелді актілер), талаптардың жалпы саны – 1794, оның ішінде: 49,6% (1794-тен 890) - білім беру саласындағы талаптар, 30,3% (544) - денсаулық сақтау саласында, 20,1% (360) - өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік.

Талдау қорытындысы бойынша «165 талаптың (9,2%) базалық шарттарға сәйкес келмеуі туралы» шешім қабылданды, оның ішінде: 137 – өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді талап етеді, 28 –күшін жоюды талап етеді. Министрлік ТПР шеңберінде НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кестесін бекітті, Министрлік бойынша 15 Нормативтік бұйрық енгізілді.

ҚР ҰЭМ порталында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы міндетті талаптар тізілімі қалыптастырылды (19 НҚА).

Министрліктің 14 нормативтік бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс аяқталды, 1 НҚА – Министрліктің құзыретінен шығарылды.

Міндетті талаптар тізіліміне сәйкес, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу 2026 жылғы қарашада көзделген. 

Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін автоматты есептеуді қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ТБЖ-ға өзгерістер енгізілді (ҒЖБМ-ң 26.04.2023ж. №183 және ҰЭМ-нің 26.04.2023ж. №50 бірлескен бұйрығы).

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемшарттарын автоматтандырудың мазмұндық бөлігінің алгоритмі әзірленді.

ТПР шеңберінде көшпелі оқыту семинарларының сериясы өткізілді (Астана қ., Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары және Абай, Ұлытау облыстары; Алматы қ., Алматы және Жетісу облыстары; Шымкент қ., Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары).

Ай сайын ҚР ҰЭМ-ға мемлекеттік реттеудің жаңа тәсілдерін іске асыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша ақпарат жолданады.

Бизнес субъектілерінің мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау өлшемшарттары көрсеткіштерінің тізбесі әзірленді.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бақылаудағы субъектілердің тізілімі қалыптастырылды (БП «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» порталында – 119 ЖОО).

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау:

Талдау көрсеткендей, 60,6% өтініш берушілер жоғары оқу орындарының қызметінде білім беру саласындағы заңнаманың нормативтік талаптарын сақтамауға байланысты мәселелерді қозғайды.

Өтініштердің 75,7%-ы бойынша өтініш берушілердің пайдасына шешімдер қабылданды, бұл ЖОО тарапынан бұзушылық фактілерін растауды білдіреді. Сонымен қатар, ЖОО әкімшілігінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) негізделген шағымдар жоғары оқу орнындағы сапаны бақылауды күшейту қажеттілігін көрсетеді.

 

Құқықтық актілер бойынша жұмыс:

  • ҒЖБМ 2022 жылғы 1 желтоқсандағы №166 және ҰЭМ 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №116 бірлескен бұйрығымен Жоғары оқу орындарының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және білім беру жүйесіне тексеру парақтары (жаңа редакцияда) бекітілді (ҰЭМ жаңа қағидаларына сәйкес Жоғары оқу орындарының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және білім беру жүйесіне тексеру парақтары жаңа редакцияда қайта бекітілді (ҒЖБМ және ҰЭМ 26.04.2023ж. №183/50 бірпескен бұйрығымен өзгерістер енгізілді);
  • Ғылым және жоғары білім министрінің 12.04.2023ж. №161 бұйрығымен «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №124 бұйрығына өзгерістер енгізілді;
  • Ғылым және жоғары білім министрінің 08.11.2023ж. №569 бұйрығымен Білім алушылардың білімін бағалауды жүргізу үшін қағидалар мен талаптар бекітілді;
  • Комитет төрағасының 01.11.2023 № 766 бұйрығымен Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты мемлекеттік       бақылауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша Әдістемелік ұсынымдар бекітілді;
  • Комитет төрағасының 24.11.2023ж. №962 бұйрығымен Мемлекеттік бақылау шараларына тартылатын мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары, консультанттар мен сарапшылардың тізімі бекітілді.

 

Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Реттеу саясаты басқармасының 2023 жылғы қызметінің қорытындылары туралы
Дата публикации
20 декабря 2023