«Азаматтық авиация академиясы» АҚ жанындағы 8D07101 – «Инжиниринг және технология» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынған Бауыржан Маратұлы Бакировтің «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқару жүйесін цифрлық трансформациялау» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

Хабарландыру

«Азаматтық авиация академиясы» АҚ жанындағы 8D07101 – «Инжиниринг және технология» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынған Бауыржан Маратұлы Бакировтің «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқару жүйесін цифрлық трансформациялау» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация «Азаматтық авиация академиясы» АҚ авиациялық техника және технологиялар кафедрасында орындалған.
Диссертацияны тапсыру нысаны: диссертация.
Қорғау тілі: орыс тілі.
Қорғау форматы: аралас

Ресми рецензенттер:
1. Усатова Ольга Александровна – 6D100200 – «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша PhD докторы, «Ақпараттық және есептеу технологиялары институты» РМҚК МКК (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
2. Әлімбаева Жадыра Нұрдәулетқызы – 6D071600 – «Аспап жасау» мамандығы бойынша PhD докторы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ақпараттық жүйелер және кітапхана ісі кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан Республикасы). Ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары: Биомедициналық инженерия, Жасанды интеллект.

Ғылыми кеңесшілер:
1. Көшеков Қайрат Темірбайұлы – техника ғылымдарының докторы, Азаматтық авиация академиясының «Авиациялық техника және технологиялар» кафедрасының профессоры, Алматы, Қазақстан Республикасы.
2. Граковский Александр Владимирович – Dr.Eng.Sc., «Көлік және коммуникациялар институты» профессоры, Рига, Латвия.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Кегенбеков Жандос Қадырханұлы – 052208 «Көлік процестерін басқару» мамандығы бойынша техникалық ғылымдар кандидаты, профессор, Инженерлік және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, Қазақ-Герман университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы.
2. Даумова Гүлжан Камалбекқызы – 25.00.36 «Геоэкология» мамандығы бойынша техникалық ғылымдар кандидаты, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ (Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы) профессоры, «Еңбекті қорғау және қоршаған орта саласындағы ғылыми зерттеулер» ғылыми үйірмесінің жетекшісі, «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық еңбекті қорғау ғылыми-зерттеу институты» РМК жанындағы № 68 «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің мүшесі.
3. Әбікенова Шолпан Кәкімжанқызы – 01.01.01 «Математикалық талдау» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» мамандығы бойынша доцент, «Ғалым» ғылыми-зерттеу компаниясының директоры, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы. Ғылыми және педагогикалық салада 20 жылдан астам, әлеуметтік-еңбек саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар (халықаралық еңбек стандарттары, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік серіктестік), басқару және қаржы саласындағы 20-дан астам жобаның, 10-нан астам ғылыми бағдарламаның жетекшісі.

Диссертация қорғаудың өтетін орны: 2026 жылдың 15 шiлде сағат 12:00-де Алматы қаласы, Ахметов көшесі 44, В314 аудитория мекенжайы бойынша аралас форматта «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-ның диссертациялық кеңесі.

Веб-сайт мекенжайы: https://caa.edu.kz/
Сілтеме:
https://us06web.zoom.us/j/87670342241?pwd=WkbFCAh3wU9TNwgS2NX1Oa0uTi1o4X.1

Чат конференциясына сілтеме
https://us06web.zoom.us/launch/jc/87670342241

ZOOM AI Companion көмегімен конференция талдауы сілтеме арқылы қол жетімді:
https://us06web.zoom.us/launch/edl?muid=5faea270-f197-4abb-a7ae-ea6a59239b06

Конференция идентификаторы: 876 7034 2241
Кіру коды: 2026

Дата публикации
12 июня 2026