Генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту

Генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту

Бүгін еліміздің арнаулы мемлекеттік органдарының ардагері генерал-лейтенант Болат Баекенов ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.

Болат Әбдірахманұлы әр жылдары ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ басқарды, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болды.

1997-2001 жж. генерал-лейтенант Болат Баекенов ҚР Президент күзет қызметінің бастығы болды және оның дамуына үлкен үлес қосты.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Болат Әбдірахманұлының жаны жәннатта болып, нұры пейіште шалқысын. Қазаның арты қайырлы болсын.