ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштері қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды

ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштері қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды

В Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет  қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке 2023 жылғы көктемгі шақырылым науқаны басталды.

2023 жылғы 24 наурыз – 15 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жауапты офицерлері аймақтардағы әскери басқару органдарында үміткерлерді іріктеумен және зерделеумен айналысады.  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің әскери қызметшілері

күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтік-жауынгерлік іс-шараларды атқарады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасы эталондарын күзетеді

рәсімдік және протоколдық іс-шараларды атқаруға қатысады  

Қойылатын талаптар

жас мөлшері 18-27 жас

бойы 180 см-ден төмен емес және 195 см-ден жоғары емес

білімі: жалпы орта, орта арнаулы, жоғары

Ескерту:

⁃ бойы 185 см-ден жоғары;

⁃ жоғары білімді;

⁃ спорттық разряды бар үміткерлерге басымдық беріледі  

ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштері қатарында мерзімді әскери қызмет атқару артықшылықтары

элиталық әскери құрылым – Астана қ. “Айбын” Президенттік полкі

қызметті ҚР МКҚ қатарында келісімшарт бойынша жалғастыру мүмкіндігі  

ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштері қатарында мерзімді әскери қызмет атқару туралы ақпарат алу үшін хабарласыңыз

тұрғылықты жердегі қорғаныс істері бойынша департамент (басқарма, бөлім)

ҚР МКҚ кадрлар департаменті: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы., 30а тел 8 (7172)758-519, +77076787622.