Баланы құтқару туралы

Баланы құтқару туралы

2023 жылғы 18 наурызда кешкі уақытта ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшісі М.Розақов «Алатау» спорт кешеніне бара жатып, Ақбұлақ өзенінің жағалауы жақтан біреулердің көмекке шақырғанын естіген.

Көпірге жүгіріп барған ол өзеннің мұзы астына түсіп кеткен 2013 жылы туған Р.Фатоевты көреді. Әскери қызметші жедел әрекет етіп, баланы судан дереу шығарып алған.

Оның жұбайы шақырған жедел жәрдем бригадасы баланы спорт кешенінің ғимаратында қарағаннан кейін ол жақын туысымен бірге қалалық емдеу мекемесіне жеткізілген.