ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштері қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталады

ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштері қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталады

Жақында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет  қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке 2022 жылғы күзгі шақырылым науқаны басталды.

2022 жылғы 19 қыркүйек – 19 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жауапты офицерлері аймақтардағы әскери басқару органдарында үміткерлерді іріктеумен және зерделеумен айналысады.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің әскери қызметшілері

  • күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтік –жауынгерлік іс-шараларды атқарады
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасы эталондарын күзетеді
  • рәсімдік және протоколдық іс-шараларды атқаруға қатысады

 

ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштері қатарында мерзімді әскери қызмет атқарудан үміткерлеге қойылатын талаптар

  • жас мөлшері 18-27 жас
  • бойы 180 см-ден төмен емес және 195 см-ден жоғары емес
  • білімі: орта, орта арнаулы, жоғары

Ескерту: бойы 185 см-ден асатын, жоғары білімді, спорт шебері және спорт шеберлігінен үміткер дәрежесі барларға басымдық беріледі

 

ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштері қатарында мерзімді әскери қызмет атқару артықшылықтары

  • элиталық әскери құрылым – Нұр-Сұлтан қ. “Айбын” Президенттік полкі
  • қызметті ҚР МКҚ қатарында келісімшарт бойынша жалғастыру мүмкіндігі

 

ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштері қатарында мерзімді әскери қызмет атқару туралы ақпарат алу үшін хабарласыңыз

  • тұрғылықты жердегі қорғаныс істері бойынша департамент (басқарма, бөлім)
  • ҚР МКҚ кадрлар департаменті: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы., 30а тел 8 (7172)758-507, 758-550, 748-051