ҚР МКҚ қызметкерлері кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмысты тойтарды

ҚР МКҚ қызметкерлері кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмысты тойтарды

22 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері Бақдәулет Намиалиев пен Фархат Сатуов жауынгерлік кезекшіліктен келе жатып, Нұр-Сұлтан қаласы, Абылайхан даңғылы бойында дайындалып жатқан қылмысты тоқтатты.

ҚР МКҚ қызметкерлері жас қызға шабуыл жасап, күш қолдану арқылы мобильді телефонын тартып алмақ болған ер адамды бірден тоқтатты.

Бақдәулет пен Фархаттың батыл іс-қимылы арқасында құқық бұзушы ұсталып, оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Кәмелеттік жасқа толмаған қызға психологиялық және алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Кейіннен анықталғандай, ұсталған азамат бұрын сотталған болып шықты.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері тарапынан ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері саналы әрекетімен өздерінің батылдығын, күш-жігерін және кәсіби біліктілігін көрсетті.