ҚР МКҚ әскерге шақыру науқаны - 2021

ҚР МКҚ әскерге шақыру науқаны - 2021

Ер-жігіттің абыройын асқақтатын еліміздің ең элиталық әскери құрылымы –«Айбын» Президенттік полкі әскерге шақыру науқанын бастады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің "Айбын" Президенттік полкі қатарында әскери борышын өтеуге ниетті үміткерлерді Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлері жергілікті Қорғаныс істер бойынша Департаменттеріне наурыздың 24–і мен сәуірдің 24-і аралығында сұхбаттасуға шақырады.

Үміткер ретінде бойы 185 см-ден кем емес, бойында қырағылық пен батылдық қасиеті бар, моральдық-психологиялық тұрғыдан берік бозбалалар қарастырылады.