Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту туралы

2020 жылғы 30 қарашада Мемлекеттік күзет қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған шараға Қызметтің басшы және жеке құрамы, ардагерлері, сондай-ақ ҚР МКҚ-ның «Жас Қалқан» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.

ҚР МКҚ Бастығы генерал-полковник Қасымов Қ.Н. Тұңғыш Президент күнін таңдаудың тарихи алғышарттарын, негіздемесін және оның Қазақстан үшін айрықша маңызына тоқтала кетіп, «...бүгінгі таңда Тұңғыш Президент күні табандылық пен еңбектің арқасында өмірде кез келген мақсатқа қол жеткізуге болатындығының айғағына айналған ерекше мереке екенін» - атап өтті.  

Бұл тұрғыдан алып қарағанда, еліміздің қауіпсіздігі және Елбасы мен оның саяси бағдарын жалғастырып отырған Президенттің қауіпсіздігі ұғымдары Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы басшылыққа алатын ажырамас  түсініктер.  

МКҚ қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне «Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қызметкері» төс белгілері, ведомстволық медальдар, сондай-ақ кезекті арнаулы атағын «мерзімінен бұрын» және алғашқы офицерлік «лейтенант» атағын алған офицерлерге погондар салтанатты түрде табысталды.

Жеке құрамның назарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының өмірі мен қызметі, еңбек жолы мен мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі туралы деректі фильм ұсынылды.