Алматы облысында заңсыз айналымнан 100 келі мефедрон тәркіленді

Алматы облысында заңсыз айналымнан 100 келі мефедрон тәркіленді

Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері Бас прокуратураның бірінші қызметімен бірлесіп, өнеркәсіптік ауқымдағы есірткі зертханасын жойды.

Есірткі өндірісі Талғарда орналасқан фермалардың бірінде ұйымдастырылды.

Тінту кезінде 8 тоннадан астам прекурсор мен 100 кг дайын өнім, мефедрон тәркіленді.

Осылайша жалпы сомасы 3 млрд теңге болатын синтетиканың екі жүз мыңнан астам бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі құралдарын дайындағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза барын ескертеді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.