Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов Вьетнам Социалистік Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрі Лыонг Там Куангпен кездесті.
Кездесуге қатысушылар қызмет бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты орнату перспективаларын атап өтті. Сондай-ақ трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылдың басым мәселелерін талқылады.
Іс-шара барысында министрлер ведомствоаралық меморандумға қол қойды.
Тараптар серіктестікті жолға қойып, екі ел полициясының оң тәжірибесімен алмасуға дайын екендіктерін білдірді.