2 мыңға жуық азамат қатысқан марафонда полицейлер жеңіске жетті

2 мыңға жуық азамат қатысқан марафонда полицейлер жеңіске жетті

Түркістан облысында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай “Тұрақтылық —татулық тұғыры” атты марафон ұйымдастырылды.

Марафонға облыстың 18-29 жас аралығындағы 2000-ға жуық түрлі сала мамандары, полицейлер, еріктілер мен тұрғындар қатысты.

Аталған шарада Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкері Жасұлан Юсупов І орынды, ал Асылбек Ибрагимов ІІІ орынды қанжығалады. https://youtube.com/shorts/15_glG-Z8v4

 Одан бөлек, есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері де марафонға өз үлестерін қосып, жастар арасында есірткінің зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жеңімпаз атанған еріктілер мен бірқатар тұрғынды арнайы дипломмен марапаттады.