Ыстық ауа райында адамдар демалыс үшін жаппай су айдындарына барады. Алайда дәл осы уақытта ең көп жазатайым оқиғалар орын алатының кейбіреулер естерінен шығаруда. Олардың негізгі себебі-судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау, суға шомылуға арналмаған жерлерде және мас күйінде суға түсу. Суда қаза болудың 70% - ға жуығы мас күйінде суға түсу себебінен болады. Барлық қайғылы жағдайлардың 98% астамы – жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылу. Жабдықталған жағажайларда да тәртіп ережелерін ұмытпау керек.
Жаздың ыстық күндері Қапшағайда демалушылардың саны бірнеше есе көбейеді, себебі Қапшағай су қоймасының маңында ірі мегополисі Алматы бар. Сондықтан судағы қауіпсіз демалыс өзін-өзі ұстау және «Судағы жүріс-тұрыс ережелерін» орындауға байланысты.
Өткен демалыс күндері Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Қапшағай су қоймасында «Азаматтардың судағы қауіпсіздігі» атты кең ауқымды акциясын өткізді. Акция барысында қалалық жағажайдың жағасында және шомылуға арналмаған жерлерде тұрғындармен профилактикалық әңгіме өткізіліп, жадынамалар таратылды. Адамдар көп жиналатын жерлерде құтқару және суға батушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету элементтері көрсетілді. Бұл іс-шара алғаш рет өткізіліп отырған жоқ.
Акцияның мақсаты – адамдардың суда қаза болуы проблемасына жұртшылықтың назарын аудару және су айдындарында қайғылы оқиғалардың санын азайту.
Іс-шараға ТЖД аппаратының қызметкерлері, Қапшағай өңірінің құтқарушылары, Қапшағай қаласының өрт сөндіруші-құтқарушылары, қалалық жағажайдың полицейлері мен қоғамдық құтқарушылары қатысты. Өткізілген акцияға құтқарушылармен бірге БАҚ өкілдері де қатысты.
Осындай профилактикалық әңгіме ТЖД қызметкерлерімен күн сайын жүргізіледі, көпірлер, айлақтар және пирстер сияқты ресми және рұқсат етілмеген -демалыс орындары бойынша рейдтер өткізіледі. Сондай-ақ, су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету тиімділігін арттыру мақсатында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері бірқатар алдын алу іс-шараларын жүргізуде: теледидарда, радиода сөз сөйлеу, баспа БАҚ материалдарын жариялау, жүгіретін жол бойынша ескерту жолдары шығарылады, LED - экрандарда бейнероликтер көрсетіледі.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі