Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің жаңа құрамының мүшелерін сайлау туралы конкурс жариялайды.

Қоғамдық кеңестің құрамы 30 адамды құрайды.

Қоғамдық кеңеске кандидаттарға "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңның 10-бабында көзделген талаптар қойылады:

1) Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

2) Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың сотталғандығы болмауы, сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты есепте тұрмауы тиіс.

Сонымен бірге, республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде бір адам тек бір Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлана алады.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылады:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады;

3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі.

Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.

Қоғамдық кеңеске кандидатуралар бойынша ұсыныстар тиісті хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, сондай-ақ электрондық мекен-жайға: ku.elyubaev@mvd.gov.kz (Байланыс телефондары 8-7172-72-26-69) жолданады.

Өтініштердің үлгілері ІІМ ресми сайтында "Қызмет/Қоғамдық кеңес" бөлімінде орналастырылған.