Мопедтерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен бұйрық

Мопедтерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы  бірлескен бұйрық

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

1) 1-қосымшаға сәйкес мопедтерді мемлекеттік тіркеуге қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі;

2) 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік тіркеуге өтініш нысаны бекітілсін.

  1. Мопедтерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу жөніндегі пилоттық жоба алғашы ресми жарияланған күніне бастап 2025 жылғы 5 сәуірге дейінге кезеңде іске асырылсын.
  2. Көрсетілетін қызметті алушылардың мопедтерді тіркеу бойынша пилоттық жобаға қатысуы өз еркімен болады.
  3. Мопедтерді тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет осы бірлескен бұйрық негізінде және «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығының нормаларын сақтай отырып көрсетіледі.
  4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (Қ.Ә.Сұлтанбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бірлескен бұйрықты бекіткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

  1. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.