Полиция мен ҮЕҰ сарапшылары қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Полиция мен ҮЕҰ сарапшылары қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Астанада Ішкі істер министрлігі ”Қазақстанның ХI Азаматтық форумы” қарсаңында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді.

Форумның басты мақсаты – ведомствоның тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуда, адам саудасы мен есірткі саудасына қарсы іс-қимылда, сондай-ақ адам құқықтарын сақтауда азаматтық қоғаммен  байланысын нығайту үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесуді орнату.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха форумды аша отырып, ІІМ-мен ынтымақтасатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне жүгінді.

– Құқық қорғау органдарының қызметінде азаматтық қоғам институттарымен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту, әріптестік қатынастарды қалыптастыру, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамытуда басым міндеттердің бірі.  Форумның негізгі мақсаты –біздің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылымызды одан әрі нығайту, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру сапасын арттыру, сондай-ақ оларды іске асыру процесінде туындайтын өзекті мәселелерді шешу, – деп атап өтті Лепеха.

Сонымен қатар форумда бүгінгі таңда ІІМ құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау саласында 270-тен астам үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасып отырғаны атап өтілді. Бұл жоғалған азаматтарды іздеу, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, адам саудасына, есірткіге тәуелді адамдарға, қолайсыз отбасыларға, “қиын” жасөспірімдерге көмек көрсету, сондай-ақ сотталған адамдарды қайта әлеуметтендіру және т.б. мәселелер бар.

Талқылауға түскен маңызды тақырыптардың бірі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі болды. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды. Сондай-ақ ведомство тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласында 50 ҮЕҰ-мен тығыз жұмыс істейді. Жыл сайын полиция өмірлік қиын жағдайға тап болған 7,5 мыңнан астам әйелді дағдарыс орталықтарына жібереді. Оның ішінде 2 мыңнан астамы баспанаға орналастырылды.

Форумға қатысушылар өзекті тақырыптарды талқылап, сұрақ-жауап форматына көшті, онда туындаған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.