ІІМ мен қоғам белсенділері әйелдер және балаларды зорлық зомбылықтан қорғау бойынша ұсыныстарды талқылауда

ІІМ мен қоғам белсенділері әйелдер және балаларды зорлық зомбылықтан қорғау бойынша ұсыныстарды талқылауда

ІІМ әзірлеп жатқан қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасына келіп түскен ұсыныстарды белсенді талқылау жалғасып жатыр.

Жоба өткен 5 жылдағы жағдайды талдау қорытындысына және қауіпсіздік мәселелеріне қатысты азаматтардың әлеуметтік сауалнамасының нәтижелеріне және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарға негізделіп әзірленіп жатыр.

Министрлік тұжырымдаманы әзірлеуге қоғам қайраткерлерін тартуды жалғастырып отыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды өңірлердегі полиция департаменттері жанындағы консультативтік-кеңесші органдар да әзірлейді.

Мысалы, әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды талқылауға адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроның, қазақстандық заңгерлер одағының, “Сана Сезім” әйелдер бастамалары құқықтық орталығының, әйелдерді қолдау орталығының өкілдері және басқа да құқық қорғаушылар мен қоғам белсенділері белсенді қатысады.

Олар тұжырымдамада көрсетілген қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кешенді тәсілін зерттеді және жобаға енгізілген бірқатар ұсыныстарды ұсынған болатын.

Бұл ұсыныстар негізінен қоғамдағы ең осал санат – әйелдер мен балаларды қорғау саласындағы шаралардың тиімділігін арттыруға қатысты болды. Атап айтқанда:

– құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтаудың озық әдістемелерін енгізу және олармен алдын алу іс-шараларының кешенін жүргізу;

– стандарттар мен әдістемелерді әзірлей отырып, жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына тегін көмек көрсету үшін өңірлік оңалту орталықтарын құру;

– зорлық-зомбылық құрбандарына кешенді көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік қаржыландыру;

– әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар үшін зорлық-зомбылық құрбандарымен және агрессорлармен жұмыс істеу бойынша біліктілікті арттыру курстарын дамыту;

– зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды сертификаттау рәсімін енгізу.

ІІМ стратегиялық құжатты әзірлеуде азаматтық қоғаммен ынтымақтастық құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жүйесінің негізін қалауға мүмкіндік беретінін атап өтті.