Алматыда “Жолдағы балалардың қауіпсіздігі” республикалық науқаны өтіп жатыр

Алматыда “Жолдағы балалардың қауіпсіздігі” республикалық науқаны өтіп жатыр

Алматы қаласы Алатау ауданындағы №152 орта мектепте қызықты сабақтар, сұрақ-жауаптар мен сайыстар кешені өтті. Олардың қатысушылары негізінен бастауыш сынып оқушылары.

“Бағдаршам” сурет байқауында балалар жол қозғалысы ережелері мен бағдаршамның жұмысы туралы білімдерін ортаға салып, сынып сағаттары мен сұрақ-жауаптарында мектеп оқушылары өз құрдастарына ойын түрінде Жол ережесін бұзбауға шақырды.

– Біздің басты міндетіміз – көлік қозғалысының қарқындылығы аясында мектеп оқушыларының жол қозғалысына қатысуының барынша қауіпсіз болуын қамтамасыз ету, ірі қаланың жолдарында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ЖҚЕ бұзуды жою, оларға жол қозғалысы ережелерін еске түсіру, оның негізгі талаптарын өскелең ұрпаққа жеткізу. Осы алдын алу іс-шарасын жүзеге асыруда көздеген түпкі мақсатымызға, біз тәжірибемізде жиі қолданылатын түрлі іс-шаралар мен басқа да үгіт-насихат шаралары түрінде қолданылатын профилактикалық іс-шаралардың көмегімен келеміз, – деді Алатау аудандық ПБ ӘПБ мемлекеттік жол инспекторы Қуаныш Табеев.

Еске салайық, балалардың жол-көлік оқиғасының қатысушысы болудан сақтау, алдын алу, сондай-ақ көшелер мен жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекіту, балалар мен жасөспірімдерді тұрақты тұратын және оқу орындарында көліктік ортаға бейімдеу мақсатында Алматы қаласында 27 наурыз бен 10 сәуір аралығында Алматыда “Жолдағы балалардың қауіпсіздігі” кең ауқымды республикалық науқаны өтіп жатыр.

Алматы қаласының тәртіп сақшыларымен, іс-шара аясында балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған түрлі науқандарды өткізу жоспарланып жатыр.