ІІМ қызметіндегі басым міндеттердің бірі – автокөлікті ұрлауға қарсы тұру

ІІМ қызметіндегі басым міндеттердің бірі – автокөлікті ұрлауға қарсы тұру

ІІМ қызметіндегі басым міндеттердің бірі – автокөлікті ұрлауға қарсы тұру.

Бірінші кезекте полицияның күш-жігері осы қылмыстарды жедел ашуға және ұрланған автокөлікті іздеуге бағытталған.

Қылмыстардың ерекшелігін ескере отырып, жедел қызметкерлер бірінші кезекте ұрланған автокөлікті сақтау (“тұру”), өткізу және бөлу орындарын анықтайды.

Мәселен, өткен жылдың соңында Алматы қаласында техникалық қызмет көрсету станциясы ретінде жасалған ангарлардың бірінде көлік құралдарының агрегаттық деректерін өзгерту цехы анықталды. 3 адамнан тұратын қылмыстық топ, лазерлік кесу жабдығын қолдана отырып, VIN нөмірлерін өзгертумен айналысты.

Сонымен қатар полиция екі білікті автокөлік ұрлықшыларын анықтап ұстады, олар сканерлеу құрылғыларын пайдаланып бірнеше қымбат жол талғамайтын автокөліктерді ұрлап кеткен.

Өткен жылы күн сайын өткізілетін жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрлық пен айдап алып кеткені үшін мыңнан астам адам, оның ішінде 40 қылмыстық топ ұсталды, ағымдағы жылдың басынан бастап автокөлік ұрлығымен айналысатын 140 адам және 2 қылмыстық топ жауапқа тартылды.

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Алматы қаласында Toyota Camry-70 автокөлігін ұрлағаны үшін қылмыстық топтың үш қатысушысы ұсталды, оларды тінту іс-шаралары барысында автокөліктің фарасы арқылы борттық компьютерге қосылып, автокөліктің күзету жүйесін ажыратуға арналған электрондық құрылғы тәркіленді.

Сонымен қатар ұсталғандар осындай тәсілмен Шымкент қаласында Lexus LX570 автокөлігін ұрлауға әрекет жасағандарын мойындады.

Автокөлік құралдарын ұрлау мен айдап кетуге ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайларды келесідей бөліп көрсетуге болады:

– күзет дабылдарының болмауы (айдап әкетудің 70% жағдайларында дабыл болмаған);

– автокөлікті ұзақ уақытқа қараусыз қалдыру;

– ТМД елдерінің “сатушыларынан” “қылмыстық” және шектеулері бар автокөліктерді сатып алу;

Көбіне жымқырылатын автокөлік құралдарының түрлеріне (5 жылдағы талдауға сәйкес) жататындар, ол барлық маркалы ресейлік автомобильдер – 73%, Toyota – 13%, MAZDA – 5%, nissan – 3%, Audi, Hyundai және Lexus – 2%.

Көлікті сақтау үшін ІІМ ең қарапайым қауіпсіздік нормаларын қабылдауды, сақтауды ұсынады:

– автокөлікті ешқашан есіктері ашық және оталдыру құлптарында кілттерімен қалдырмау;

– түнгі уақытта автокөлікті гаражға немесе күзетілетін тұраққа қою;

– қылмыскер көлікті тез иемденбеуі үшін шаралар қабылдау: электронды және механикалық ұрылғылар мен GPS маяктарын қамтитын ұрлыққа қарсы кешендермен жабдықтау;

– автокөлік салонында құжаттар мен құнды заттарды қалдырмау;

– басқа мемлекетте тіркелген автокөлікті сатып алу кезінде, әртүрлі интернет-сайттар қызметтері арқылы ұсынылатын деректер бойынша автокөліктің тазалығын тексеру;