Ақмола облысында “Заңсыз такси” ЖПІШ барысында 183 ЖҚЕ бұзушылық анықталды

Ақмола облысында “Заңсыз такси” ЖПІШ барысында 183 ЖҚЕ бұзушылық анықталды

“Заңсыз такси” ЖПІШ-тің алғашқы күні Ақмола полицейлері 183 жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын анықтады.

43 жүргізуші жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны үшін жауапқа тартылды. Лицензиялау нормаларының 19 бұзушылығы анықталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін 3 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамаудың 36 фактісі, жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамаудың 6 фактісі анықталды. Рейс алдындағы техникалық және медициналық тексерудің жоқтығы үшін 6 жүргізуші жауапқа тартылды. Көлік құралдарын басқару кезінде 12 жүргізуші телефонды пайдаланды. Маневр жасау ережелерін бұзудың 13 фактісі, көлік басқару куәлігі жоқ адамдардың көлік құралдарын басқарудың 3 фактісі, сондай-ақ көлік жүргізу құқығынан айырылған адамдың көлікті басқаруының 1 фактісі анықталды.

ЖПІШ барысында 6 көлік құралы арнайы тұрақтарға қамалды. Естеріңізге сала кетейік, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды бақылауды күшейтуге, олардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған “Заңсыз такси” ЖПІШ жалғасып жатыр.