ІІМ-де цифрлық форматта шен берілген қызметкерлерге погондар табысталды

ІІМ-де цифрлық форматта шен берілген қызметкерлерге погондар табысталды

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов “полковник” шенін ІІМ орталық аппаратының қызметкерлеріне және Ұлттық ұланның әскери қызметшісіне табыстады.

Айта кету керек, ведомство кезекті шен беру процесін автоматтандырды. Алғашқы сегіз қызметкер цифрлық форматта өз шендерін жазда алған болатын.

Министрліктегі кадрлық процестерді цифрландыру қызметкерлерді қағазбастылықтан арылтып, қызметті бейіндік міндеттерге ауыстыруға мүмкіндік береді.

Бұл – қызметкерлерді дамыту және ынталандыру, олардың құқықтарын қорғау, меритократия қағидатын қамтамасыз ету және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды арттыру.

Дебюрократизация бойынша қабылданып жатқан шаралар жеке құрамға жүктемені азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.

Бұл жолы цифрлық форматта жоғары офицерлік шенге:

Асқар Мұхаметқалиев – ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары;

Сергей Стихеев – ІІМ Жедел-криминалистикалық департаменті бастығының орынбасары;

Талғат Мұқанов – штаб бастығы – Ұлттық ұланның 3656 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, министрлік полиция қызметін дебюрократизациялау, цифрландыру және оңтайландыру, ішкі рәсімдерді қайта қарау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру және олардың туындау себептерін жою бағытында жұмысты күшейткен.