Білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінде өзара түсіністік туралы меморандум

Білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінде өзара түсіністік туралы меморандум

Бүгін Академия қабырғасында маңызды оқиға болды – ІІМ Қостанай академиясы мен Қырғызстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы Жазаларды орындау қызметінің оқу орталығы арасында білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінде өзара түсіністік туралы меморандум жасасу.

Осы күннен бастап екі ведомство арасында өзара қызығушылық тудыратын нормативтік, құқықтық, ғылыми, оқу, статистикалық ақпараттың өзара алмасуы жүзеге асырылатын болады. Сондай - ақ, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, білім және ғылым саласында ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізу жоспарланған.