Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

Бекболат Шәкіров 1974 жылы Жезқазған облысының Ағадыр кентінде дүниеге келген. 2001 жылы ҚР ӘМ ҚАЖК Қостанай заң институтын «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітірген.

1993 жылдан 1995 жылға дейін Қарулы Күштер қатарында қызмет етті.

1995 жылы Құқық қорғау органдарына қызметке орналасты. Осы уақыттан бастап 1997 жылға дейін Жезқазған облысы Ағадыр ауданының ІІБ жанындағы ББ милиция взводының милиционері болды.

1997 жылдан 2000 жылға дейін ҚР ІІМ Қостанай заң институтының тыңдаушысы болды.

2000-2010 жылдары ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясында ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысқан.

2010 жылдан бастап Нұр-сұлтан қаласының және Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2018 жылдан 2020 жылға дейін ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің басқарма бастығы қызметін атқарды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары болып тағайындалды. Қызметтік қызметтегі жетістіктері үшін ҚР ІІМ басшылығымен бірнеше рет көтермеленді.