Елордалық полицей Нидерландыда өткен Дүниежүзілік ойындарда жүлдегер атанды

Елордалық полицей Нидерландыда өткен Дүниежүзілік ойындарда жүлдегер атанды

Елордалық полицей Нидерландыда өткен Дүниежүзілік ойындарда жүлдегер атанды

22-31 шілде аралығында әртүрлі елдердің шұғыл әрекет ету қызметтерінің қызметкерлері арасында байланыс орнату мақсатында Нидерландтың Роттердам порт қаласында полиция мен өрт сөндірушілердің Дүниежүзілік ойындары өтті. 10 күн ішінде қалада спорттық жарыстар өтті, оған 70 елден 10 мыңнан астам қатысушы, оның ішінде Қазақстан өкілдері қатысты. Қатысушылар спорттың әр түрінен жарысты: бокс, кроссфит, жеңіл атлетика және т.б.

Бокстан 86 келіге дейінгі салмақта Сәкен Құсайынов екінші орынды иеленді. 34 жастағы взвод командирі елордалық полиция департаментінің Ішкі істер органдарында 2005 жылдан бері қызмет етіп келеді. Полицей-спортшы 9 жастан бастап бокспен айналысады. Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылады, бірнеше рет ҚР чемпионаттары мен бокстан түрлі халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанды.