ІІМ Қостанай академиясында жауынгерлік самбодан Республикалық чемпионат аяқталды

ІІМ Қостанай академиясында жауынгерлік самбодан Республикалық чемпионат аяқталды

ІІМ Қостанай академиясында жауынгерлік самбодан Республикалық чемпионат аяқталды. Оған Қазақстанның 150-ден астам спортшысы қатысты. Жекпе-жекте бас төреші Қайрат Абдуллаев (Қарағанды облысы), бас хатшы Қадыр Тенбаев (Алматы облысы) төрелік етті.

Турнир мемлекет қайраткері, ғалым, профессор, академик Шайсұлтан Шаяхметовты еске алуға арналды.

23 жасқа дейінгі үздік самбисттер үш күн бойы ел чемпионы атағы үшін жарысты. Чемпионаттың көрермендері мен қонақтары қызықты тартыстың куәсі болды.
Жарыстың соңғы күні Қостанай академиясының курсанттары Әли Утаров және Айдос Сағындық (+98 кг), Қуандық Ердәулет (79 кг) және Евгений Иванов (88 кг) 4 қола медаль жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары Қостанай облысы бойынша самбо және жауынгерлік самбо күрес федерациясының кубоктарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.