Алматы полициясының басшысы өз қызметкерлерінің әрекетіне баға берді

Алматы полициясының басшысы өз қызметкерлерінің әрекетіне баға берді

Алматының ПД басшысы Қанат Таймерденов интернет-басылымдардың біріне журналистерге берген сұхбатында шабуыл сағаттарын еске ала отырып, қарамағындағылардың төтенше жағдайдағы әрекетінің үйлесімділігін бөлек атап өтті.

– Ғимаратты қорғауға кезекші ауысым мен Алматы қалалық ПД аппаратының қызметкерлерінен бөлек, ІІМ Алматы Академиясының қызметкерлері де қатысты. Бірақ соған қарамастан, сандық тұрғыдан алғанда шабуылшылар айтарлықтай артықшылыққа ие болды. Қай жерде болмасын, біздің қызметкерлер, ерлікпен қорғанды. Содырлар ПД-нен басқа, дәл осы уақытта біздің тағы бірнеше аудандық бөлімшелерге: Алмалы (қорғаныс кезінде екі полиция қызметкері қаза тапты), Әуезов, Жетісу, Медеу, Бостандық аудандық полиция басқармаларына, жергілікті полиция қызметінің әкімшілік ғимаратына шабуыл жасады. Қорғау керек екенін бәрі түсінді. Өйткені әрбір ғимаратта әскери қару болды, – деді Қанат Таймерденов.

Спикердің айтуынша, қорғаныс күштері өте шектеулі болды, өйткені полиция нысандары қаланың айналасында шашыраңқы орналасқан және олардың барлығын қорғау қажет болды.

 – Сондықтан мен қазір оларды қорғаған барлық қызметкерлерге қорғап қалғаны үшін тиесіліні беру керек деп айтамын. Біз шынымен де көп болмадық. Ал мені таң қалдырғаны және қатты жігерлендіретіні, бұл жағдайда қызметкерлерде үрей мен қорқыныш болмай, барлығы біздің көз алдымызда жиналып, біртұтас, жақсы жұмыс істейтін, жақсы құрылған механизм, бір “жұдырық болды. Полиция департаментіне жасалған шабуылдар таң атқанша, 6 қаңтарда алты жарым шамасында, аман қалған қарулы содырлар жоспарларының жүзеге аспай қалғанын түсінген кезде аяқталды. Жойылған қаруластарының көпшілігін жинап алған олар, түнгі шайқас орнынан кетіп қалды. Бірнеше сағаттан кейін брондалған көліктегі әскерилер ПД ғимаратының күзетіне қосылды, – деді Таймерденов.