Хабарландыру

Хабарландыру

 

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ішкі істер министрлігі жанынан Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс тобы құрылады.

Осыған байланысты коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде ІІМ жұмыс тобының мүшелерін азаматтық қоғамнан сайлау туралы конкурс жарияланады. Жұмыс тобының құрамы 9 мүшеден тұрады: коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан – 6 адам және ІІМ-ден – 3 адам.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді (АҚДМ-нің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 9-тармағы).

Сонымен қатар, байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша да жұмыстар жүргізілуде.

Жұмыс тобына және байқаушылар құрамына кандидатураларды беру бойынша ұсыныстарды хабарландыру жарияланғаннан кейін 5 күн мерзімде мына мекенжайға: индекс 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі немесе ku.elyubaev@mvd.gov.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет (Байланыс телефондары 8 7172 72 26 69, 8 7172 72 20 25).
Өтініштердің үлгілері ІІМ-нің ресми сайтында «Қызметі / Қоғамдық кеңесі» бөлімінде орналастырылған.
Сілтемелері: https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/documents/details/249412?lang=ru https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/documents/details/249415?lang=ru

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі