ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы онлайн форматта республикалық психологтар  форумын өткізді

ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы онлайн форматта республикалық психологтар  форумын өткізді

2021 жылғы 25 желтоқсан – Қазақстан психологтары күні ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы және ІІМ Кадр саясаты департаментімен бірлесіп ішкі істер органдарындағы психологиялық жұмысты жетілдіру Тұжырымдамасын қабылдауға арналған онлайн форматта республикалық психологтар  форумы өткізілді.

Осы Тұжырымдамада айқындалған міндеттерді іске асыру психологиялық жұмыстың тәсілдері мен әдістерін дамытуға мүмкіндік береді, бұл қызметкерлердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен қызметтік ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне оң әсер етеді.

Форум қатысушыларына ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.Х. Бейсеев, ІІМ Алматы академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Т. Байсейітова және ІІМ Қостанай академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі                               С.И. Қаракушев құттықтау сөз сөйлеп, Тұжырымдаманы қабылдаудың өзектілігін атап өтті. Оның өзгергіштігі мен сұранысы белгісіздік пен  дағдарыс жағдайында өз функцияларын жүзеге асыратын ІІО қызметкерлерінің психологиялқ даярлығының, ішкі істер органдарын жаңғыртудың  және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің  сервистік моделін қалыптастырудың, сондай-ақ қоғаммен қарым-қатынас ортанудың маңыздылығын артуымен байланысты болып келеді.

Сондай-ақ форум аясында Психологтар күнін мерекелеуге орай Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты                                             Е.З. Тұрғымбаевтың ІІО психологиялық-полиграфологиялық қызметінің дамуына қосқан үлесі мен жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін психологтар мен полиграфолог мамандарын марапаттау туралы бұйрығы жарияланды.