Елордалық кадеттер ІІМ-дегі Тұңғыш Президентке арналған фотокөрмені тамашалады

Елордалық кадеттер ІІМ-дегі Тұңғыш Президентке арналған фотокөрмені тамашалады

Елордалық кадеттер Ішкі істер министрлігінде Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған фотокөрмені тамашалады.

Ішкі істер министрлігі ғимаратында Тұңғыш Президент күніне арналған фотокөрме ұйымдастырылды. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі туралы мағлұматтар, фотодеректер мен құнды ақпараттар қойылды.

Кең ауқымды көрмеге Жұмабек Тәшенов атындағы мектеп-гимназиясының жас кадеттері келді. Мұражай қызметкерлері оқушыларды көрме деректерімен таныстырып, мұражайдағы Тұңғыш Президентке арналған залға апарды. Ондағы жәдігерлерді көрсетіп, Елбасының ерекше қасиеттерін айтты.

Мұражай рухани және материалдық ескерткіштерді сақтау орны ғана емес, елдің тағылымды тарихы мен тұлғаларының өмірінен сыр шертеді. Өскелең ұрпақты патриотизм мен өр мінезділікке баулиды.