Business Lady Qazaqstan сыйлығының иегерлері белгілі болды

Business Lady Qazaqstan сыйлығының иегерлері белгілі болды

Business Lady Qazaqstan сыйлығының иегерлері белгілі болды

Елордада табысты кәсіпкерлер арасында Business Lady Qazaqstan республикалық сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Бұл әйелдер арасында кәсіпкерлікті қолдауға және насихаттауға арналған салалық бизнес-сыйлық. Іс-шараны ұйымдастырушылар бизнесін сәтті жүргізіп, белгілі бір істі дөңгелетіп отырған нәзік жандыларды әр жыл сайын марапаттауды үрдіске айналдыруда.

Бұл жолы дәстүрлі сыйлықты табыстау рәсімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды. Оның басты ерекшелігі ретінде жаңа номинациялар, бизнесте ғана емес, басқа салада да жетістікке жеткен ханымдар болып танылды.

– Біз тек бизнестегі әйелдерді ғана емес, сонымен қатар басқа салалардағы әйелдерді де марапаттаймыз. Бүгін біз полиция мен әскер қатарында қызмет етіп жүрген, өнер саласына өз үлесін қосып жүрген әйелдерді марапаттағымыз келеді. Олардың еңбегі мен кәсібилігі үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл ханымдардың жұмысын атап өту қажет. Себебі нәзік жандыларға аталмыш салада жұмыс істеу оңай емес. Біз мұны түсінеміз. Оларға рақмет айтамыз, – деді шараны ұйымдастырушы Сәуле Қайсар.

Марапатталғандардың арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Идеологиялық және имидждік жұмыс департаментінің бастығы Альбина Махамбетова да болды.

– Осы шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Барлық қыз-келіншектерді құттықтаймын. Бүгінгі таңда қоғамның барлық саласында әйелге орын бар, – деді Альбина Махамбетова.

Оның пікірінше, мемлекет өзін көрсетіп, жұмыста жетістікке жеткісі келетіндерге барлық жағдайларды жасауда. Тек қиындықтардан қорықпау керек.